2020 жылдың 6 және 7 маусымында, сенбі, жексенбі күндері Өскемен қаласы  қолөнершілерінің музей-қорықтың Солжағалық  кешені Шеберлер қаласындағы кешенге келушілерге арналған шеберлік дәрістері болып өтті.
кешені Шеберлер қаласындағы кешенге келушілерге арналған шеберлік дәрістері болып өтті.
Алёна Кузьмина мен Флёра Камаева көріп, танысқысы келетін адамдарға күдеріден білезік өрудің қыр-сырын үйретті. Шеберлік дәрісін тамашалаушылар арасында ересектер де, балалар да көп болды. Дәріс соңында дайындалған бұйымдарды үйге ала кетуге болатын еді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі



 
 







 
            




 
		