
 2021 жылдың 25 қарашасында музей-қорықтың халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 49 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» жылжымалы көрмесін өткізді. Көрмеге музейдің қорынан 100-ден астам жәдігер қойылған. Онда киіз үй интерьерінің фрагменті, қазақ, беларусь, украин және корей халықтарының ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ, армян, әзірбайжан, неміс, үнді этностарының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін экспонаттар көрсетілген. Дәрістік қызмет те ұйымдастырылды.
2021 жылдың 25 қарашасында музей-қорықтың халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 49 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» жылжымалы көрмесін өткізді. Көрмеге музейдің қорынан 100-ден астам жәдігер қойылған. Онда киіз үй интерьерінің фрагменті, қазақ, беларусь, украин және корей халықтарының ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ, армян, әзірбайжан, неміс, үнді этностарының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін экспонаттар көрсетілген. Дәрістік қызмет те ұйымдастырылды. Көрмеге № 49 мектептің 130-ға жуық бастауыш сынып оқушылары қатысты. Халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық жұмыстарын жалғастыруда.



 
 



 
            




 
		