Жеңіс күні – қайғы мен қуаныш алмасатын мереке. Биыл Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Тірі жүргендеріңіз үшін рахмет...» атты фотосуреттер көрмесі өтуде.
Ол экспозицияда Ұлы Отан соғысына қатысқан және бүгінде көзі тірі 64 өскемендік ардагердің портреті қойылған. Көрмеге қырғын соғыстың нағыз бетпердесі бейнеленген ескі ақ-қара түсті кадрлар, 1945 жылғы Жеңіс шеруі және рейхстагты алған солдаттардың оның баспалдақтарындағы шаттыққа толы тұстары негіз болып алынған.



қордан


























