 Қош келдіңіздер!
|
Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы жаңа бедерде
М. Горький көшесі, 59 ғимаратының залдарында орналасқан «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты стационарлық экспозиция келушілерді жаңаша кейіппен қарсы алады.
ҚАСИЕТТІ ЕВАНГЕЛИЕ. 2020
Музей-қорықтың кітаптар жинамасында кирилл кітаптарының сирек топтамасы бар, олардың арасында Евангелийдің сан түрлі болып келетін кітаптары ерекше байқалады.
Абай жене балалар. 2020
2020 жылдың 30 қаңтары күні сирек кітаптар және иконажазу бөлімі Өскемен қаласындағы №106 «Қарлығаш» балабақшасында қазақ тілінде «Абай Құнанбайұлы. 175 жыл» атты бірлескен іс-шара өткізді. Іс-шараға 60-шақты адам қатысты.
Тарихпен жүздесу
Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің оқушылары М. Горький көшесі, 59 ғимаратындағы көрме залдарында болу барысында қазақ халқының зергерлік өнері қалай дамығаны жайлы естіп-білді.
Ленинград қоршауы туралы виртуалды экскурсия өткізілді.
2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы тойланады. Майданында 600 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды, бұл жалпы халықтың 12% құрайды. Музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері виртуалды экскурсияларда Ұлы Отан соғысының беттерін көрсетті.
Абай сөздері жаңғыра түсуде
2020 жылы ақын, сазгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Музей-қорық қызметкерлері #Abai175 челленджіне қатысуды жалғастырып келеді. Челленджді 2019 жылдың 31 мамыры күні «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Шәкен ойлап тапқан-ды
Келешекті қарсы алуға бірге қадам жасаймыз!
«Болашаққа бірге қадам жасау, күшті және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру үшін қоғамдық сананы жаңғырту», «Вместе сделать шаг навстречу будущему, изменить общественное сознание, чтобы сделать единой нацией сильных и ответственных людей»
Музей-қорықта Абайдың 175 жылдығын мерекелеу бастау алды
 «Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің бастауы». 2020 жылдың 22 қаңтары күні Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында өткен дөңгелек үстел отырысы осылай аталды. Оны сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырып, өткізсе, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашаку отырысты жүргізіп отырды.
2020 жыл - Қазақстанда еріктілер жылы
 17 қаңтарда облыстық Достық үйінде - қоғамдық келісім орталығында, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер Орталығының ашылуына арналған Бірыңғай күн өтті. Бұл шараның басты мақсаты - «Еріктілер жылы» стратегиясын талқылау.
Белоусовкада ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы сыр шертетін көрме болып өтті
2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады және бұл музей-қорықтағы іс-шаралардың бірден-бір атаулысы болып табылады. 17 қаңтар күні сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері Белоусовка кентіндегі №1 орта мектепте қор топтамаларынан алынған «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» атты көшпелі көрмемен болып қайтты. Көрмеде Абайдың кітаптары, ақынның портреті, сондай-ақ, картиналары қойылды.
Мы любим, зимушка, тебя, и санки, и каток!
14 қаңтар күні ескі жаңа жыл музей-қорықтың Солжағалық кешенінде ән-бимен және тамаша хороводпен аталып өтілді. Қысқы мерекенің бағдарламасын орыс этнографиясы бөлімі ұйымдастырды. Жиналғандарды директордың көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туындыларын оқығанда өз замандасың жазып отырғандай әсер аласыз. Өзінен кейін өлмейтұғын сөз қалдырып, өзіне өлеңнен мәңгі ескерткіш орнатқан ақын шығармашылығы өзектілігін жоймайды. Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы айқын дәлел.
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |