3 шілде күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Астана күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның астанасы туралы бейнефильмдер көрсете отырып, виртуалды-интерактивті экскурсия өткізді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар кішкентай жеткіншектермен бірге еліміздің бас қаласы – Астанаға таңғажайып саяхатқа аттанды.
Музей-қорықтың «Орыс музейі – виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығының маманы Анастасия Григорьева жас келушілерге Астананың қандай қала екені туралы әңгімелеп берді.