• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



Тұңғыш Президент Музейінің Тартуы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне . 2018

2018 жылғы 27 және 29 қараша күндері музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері қаладағы А.Байтұрсынов атындағы № 20 және № 37 орта мектептердің оқушыларына  «Тұңғыш Президент Музейінің тартуы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде)» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық мұрасы және елбасының әдебиет қайраткерлеріне көрсеткен қолдауы жайлы әңгімелейді.

 

Павлодардағы Орыс музейі. 2018

2018 жылғы 20-26 қазан күндері музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің мамандары көшпелі мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен Халықаралық «Орыс музейі: Виртуалды филиал» жобасы аясында Павлодар қаласында болып қайтты. Музей-қорық мамандары Павлодар облыстық көркемсурет музейі мен қаладағы колледждер базасында мектеп  оқушылары мен  студенттерге төмендегідей бағдарламаларды ұсынды:

1.«Мемлекеттік Орыс музейі бойынша саяхат. Михайлов сарайы. Картинаға ену бағдарламасы»;

 2.«В.М. Васнецов шығармашылығындағы тарихи және фольклорлық кескіндеме»;

 3.«В.И. Суриков – тарихи суреттер шебері».

 Барлығы 100 адамға қызмет көрсетілді.

 

 

Ағаш мүсіндер көрмесіндегі ғажайып сәттер. 2018

Рухани жанғыру

1 қарашада «Алтай» көрме залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Юрий Костанянцтың музей-үйіндегі шеберлердің ағаштан ойып жасаған бұйымдарының «Ғажайып сәт» атты көрмесі ашылды. Оны ұйымдастырумен көрме-экспозициялық бөлім айналысты. 

Толығырақ...

 

Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018

Жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келген Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері музей-қорықта болып қайтты.

Бас консулдықтың мәдениет және туризм жөніндегі консулы  Ван Цинпин айтқандай Қытай Халық Республикасының өкілдері Шығыс Қазақстанға өлкеміздегі түрлі ұйымдармен мәдениет, туризм саласында және басқа да салаларда байланыс орнатып, нығайту үшін келген екен. Екі күн бойы, 22 – 23 қазанда қонақтар  музей-қорық экспозицияларымен танысты.

Толығырақ...

 

Рухани келісім күні – біздің жан дүниемізде. 2018

Рухани жанғыру

18 қазанда  Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтілді. Бұл дәстүр 1992 жылдың қазанында Алматыда өткен Бүкілдүниежүзілік Рухани Келісім конгресінен бастау алған болатын. Оған қатысушылар қабылдаған  манифесте 18 қазанды Рухани келісім күні —  адамдар арасында өзара түсіністік пен қайырымдылық орнататын ұлтаралық күн деп жариялауды ұсынды.

 

Орыс музейі: 120 жылғы тарих. 2018

2018 жылдың 07 қазанында ақпараттық білім беру бөлімінің  мамандары әскери бөлімнің № 5518 әскери қызметкерлеріне арнап «Орыс музейі: 120 жылғы тарих» атты виртуалды экскурсия жүргізді.

Бөлімнің мамандарымен бірлесе отырып, әскери қызметкерлер Санкт-Петербург қаласына  және мемлекеттік Орыс музейінің залдарында  болды. Олар музейдің тарихын фотосуреттер арқылы таныстырды. Негізгі назар залдағы тарихи және батальды суретке аударылған. «Вход в картину» бағдарламасы қызуғушылық танытты.

 

Мемлекеттік Орыс музейінің залдарына саяхат. 2018

2018 жылдың 04 қазанында Халықаралық Қарттар күні мерекесі қарсаңында «ақпараттық білім беру» бөлімінің мамандары Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Герсимовка ауылының  ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне арналған «Мемлекеттік Орыс  музейінің залдарына саяхат» атты виртуалды экскурсиясын жүргізді.

 

 

Шығыс жекпежектері күні – салауатты өмір салтына шақыру. 2018

Музей-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімі Солжағалық кешеннің Үлкен сахнасында  Шығыс жекпежектері күнін өткізді.

Ұлы Жібек жолының бойын және оған таяу жерді мекендеген халықтар әлемге жекпежектердің сан түрлерін сыйлаған болатын, солардың бірқатары біздің қаламызда назарға ұсынылды.  Жаттықтырушылар мен олардың шәкірттері шығыс жекпежектері күні кезінде өз өнерлерін көрсеткен болатын.

 

Музей-қорыққа - 50 жыл! 2018

Рухани жанғыру

Музей-қорық өзінің 50 жылдығын атап өтті. Осы мерейтойға арналған салтанат "Ертіс концерт" мәдениет үйінде өткен болатын.

1968 жылы Бутаково селосында  мектеп музейі ашылды, осы уақыттан бері музей-қорықтың үлкен жолының кезеңдері басталды. Бұл музей-қорық Қазақстан Республикасындағы жетекші музейлердің бірі болып табылады. "Ертіс концерт" мәдениет үйіне жиналғандардың барлығын ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басашысының орынбасары Мирас Жұмағұлов құттықтады, ол өз сөзінде мұның  облыс мәдениеті саласындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.

 

Шығыс жекпе-жектері күні. 2018

Рухани жанғыру

29 қыркүйекте музей-қорық шығыс жекпе-жектері күнін өткізеді. Бұл Ұлы жібек жолы бойын мекендеген және әлемге күрестің сан түрлерін сыйлаған халықтардың дәстүрлерін жалғастыру болмақ. Олардың арасында Қытайдан бізге жеткен у-шу мен каратэ, Үндістаннан келген – кушти, ұлттық қазақ күресі және басқа да көптеген түрлері бар.

Іс-шараны ұйымдастырушы, ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің этнологы Станислав Цукуренконың пікірі бойынша  іс-шара өткізудегі мақсат – шығыс жекпе-жектерін адамның үйлесімді даму жүйесі ретінде  танымал ету және жастарды салауатты өмір салтына тарту болып табылады.

 


Страница 22 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40056466

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...