• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... «НАУРЫЗ» мейрамына арналған іс-шаралар. 2015

20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...550-летию становления казахской государственности посвящается...20 наурыз, жұма күні, сағат 9.00-да, мұражай-қорығының ақпаратты-оқу бөлімінің қызметкерлері №37 орта мектеп оқушыларына мұражай-қорықтың қор коллекциясынанкөрме көрсетумен бірге «Жалмауыз кемпір мен қоян» атты ұлттық қазақ ертегісінің желісімен виртуалды экскурсия өткізді. Іс-шарада ұлттық ойындар мен конкурстар өткізілді.

Толығырақ...

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған… 2015

Эмблема 20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...2015 жылғы 17 наурызда ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарыныңэтнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына арналған«Біз -  Қазақстан халқымыз»тақырыбындағы мини көрме бойынша лекция өткізді.Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған бұйымдар: Шығыс Қазақстан халықтарының рухани және материалдық мәденитін сипаттайтын маталар, кәдесыйлар көрсетілді.

Толығырақ...

 

ШҚО сәндік-қолоданбалы өнер шеберлерінің көрмесі бойынша Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің «Интерьер дизайны» бөлімінің 1-ші курс студенттеріне экскурсия жүргізілді. 2015

Қ.Қайсенов көшесінде орналақан этнографиялық мұражай-қорығының көрме залында, халықтық сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері: Мұхамеджанова Р.Ч. және Бемм М.А «Көктемгі калейдоскоп» атты  көрме бойынша Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің «Интерьер дизайны» бөлімінің 1-ші курс студенттеріне сәндік-қолоданбалы өнер шеберлерінің жәдігерлерімен таныстырды.

Толығырақ...

 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының 2015 жылғы 7 наурыздағы Акциясы. 2015

Мұражай-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимараты - № 1корпуста сенбі күні - 2015 жылғы 7 наурызда «Ашық мұражайлар» іс-шарасы аясында «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өткізілді. Мұражай-қорық қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында Өскемен қаласының әйелдері үшін мына көрмелерге тегін кіруді ұйымдастырды:

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында...Еврей халқының мәдени мұрасы. 2015

Год Ассамблеи народа Казахстана

«Еврей халқының мәдени мұрасы» жылжымалы қайырымдылық көрмесі (мұражай-қорық қорынан), Облыстық Достық Үйі, 5.03.2015 ж.

Еврейлердің Пурим мерекесіне арналған көрмені АЭТ бөлімінің маманы Т.Е.Свахина ұйымдастырды. Көрмеге мұражай-қорықтың қорынан алынған, ШҚО еврейлерінің материалдық және рухани мәдениетін ашып көрсететін 9 бұйым: дәстүрлі бас киімдер, майлықтар, ханукалық майшамдар, кітаптар мен басқа да заттар қойылды. Көрме бойынша ШҚО еврейлерінің мәдениеті жөнінде лекция өткізілді.

Толығырақ...

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында... ШҚО халықтарының этнографиясы күні. 2015

Год Ассамблеи народа Казахстана2015 жылғы 5 наурызда азсанды этникалық топтар бөлімі Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы аясында Қазақстан-Ресей гимназиясында «ШҚО халықтарының этнографиясы күні» тақырыбына жылжымалы көрмесі бар лекция ұйымдастырды.

Толығырақ...

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында. 2015 02 23

Фото с лекции-экскурсии по теме «Культурное наследие народов ВКО» и «Ассамблея народа Казахстана – залог дружбы и процветания»Фото с лекции-экскурсии по теме «Культурное наследие народов ВКО» и «Ассамблея народа Казахстана – залог дружбы и процветания»2015 жылдың 23 ақпанында ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына «Лада» балабақшасының тәрбиеленушілері келді. Аз санды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері «ШҚО халықтарының мәдени мұралары» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы – достық пен гүлденудің кепілі» тақырыптары бойынша лекция-экскурсия ұйымдастырды. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын бағдарламасы дайындалды, онда олар Шығыс Қазақстан халықтарының рухани және материалдық мәдениетімен, костюмдерімен, музыкалық аспаптарымен, кәдесыйларымен танысты.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында... 2015 02 05

Фото - Культурное наследие азербайджанского и еврейского народовФото - Культурное наследие азербайджанского и еврейского народов

2015 жылы 5 ақпанда А.С.Пушкин атындағы кітапханада Өлкетану оқулары болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында   АЭТ бөлімінің төмендегі қызметкерлері баяндама дайындап, оқыды: М.А.Солонец Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің 20 жылдығына орай «Азериге – 20 жыл»; Т.Е.Свахина «Еврей этномәдени бірлестігіне 20 жыл». АЭТ бөлімінің қызметкерлері  мұражай-қорықтың қорынан «Әзірбайжан және еврей халықтарының мәдени мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.  Көрме бойынша лекция-экскурсиялар өткізілді.

Толығырақ...

 

Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде ХIХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузин қонысы ашылды. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің этнографиялық ауылында ХIХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузин қонысының салтанатты тұсаукесер рәсімі болды. Көрмеге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко, ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаев, Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжанов қатысты.

Қызыл лентаны кесу құрметі «Беакрис» ЖШС бас директорының орынбасары Лилия Анатольевна Поспеловаға берілді.

 

Жаңа мүсіндік композиция «Халықтар достығы – баға жетпес байлық». 2014

Фото Алексея Мазницина - Новая скульптурная композиция «Халықтар достығы - баға жетпес байлық» («Дружба народов — бесценное достояние»)Фото Алексея Мазницина - Новая скульптурная композиция «Халықтар достығы - баға жетпес байлық» («Дружба народов — бесценное достояние»)

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Жібек жолы» саябағында Өскемен қаласы әкімдігі, «Құс жолы» Қайырымдылық қоры және «Казкоммерцбанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, сондай-ақ «Менің қалам үшін» әлеуметтік-хабардар жоба арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы Меморандумды жүзеге асыру нәтижесі ретінде «Халықтар достығы – баға жетпес байлық» атты жаңа мүсіндік композиция ашылды.

 


Страница 38 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40056196

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...