2014 жылғы 27-28 қарашада Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығының вице-консулы Даниел Брачишевский мұражай-қорыққа келді.
Кездесу барысында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцевпен Қазақстандағы поляк мәдениетін дамыту және көпшілікке тарату бойынша ары қарайғы бірлескен жұмыс туралы диалог жүргізілді. Вице-консул мұражай-қорық қорына Польша жайлы альбомдар, бүктемелер және поляк халық әндері жазылған диск сыйға тартты.