Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


Конференция «Оралхан Бөкей әлемі». Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. 2018

2018 жылғы 11 желтоқсанда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконожазу бөлімінің қызметкерлері «Оралхан Бөкей әлемі» атты ғылыми конференцияға «Оралхан Бөкейдің журналистік қыры» тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Конференция көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған. Конференцияны О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана ұйымдастырды. Конференцияға Астана қаласынан келген қонақтар Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкей, жазушы Асқар Алтай, өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай, аймақтық ақын-жазушылар, журналистер, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің мұғалімдері, кітапханалар мен музейлердің қызметкерлері қатысты.

 

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында. 2018

2018 жылғы 27-30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу шеңберінде музей-қорықтыңақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары «Менің елімнің Президенті» атты іс-шара  өткізді.

Іс-шараға Өскемен қаласының №39 және №26 мектептерінің оқушылары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Туризм» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. 30 қарашада № 5518 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен офицерлерге арналған іс-шара өткізілді.

 

Халық шығармашылығы. 2018

2018 жылғы 28 қарашада халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова, М.А. Бемм және М.О. Торайғырова Достық үйі – ШҚО қоғамдық келісім орталығының фойесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысының XXV сессиясын өткізу аясында «Халық шығармашылығы» атты стационарлық көрме   ұйымдастырды. Көрмеге орыстың ұлттық стилінде орындалған халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әртүрлі 50-ге тарта бұйымы қойылды. Көрмені барлығы 500-дей адам тамашалады, олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов те болды.

 

Тұңғыш Президент Музейінің Тартуы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне . 2018

2018 жылғы 27 және 29 қараша күндері музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері қаладағы А.Байтұрсынов атындағы № 20 және № 37 орта мектептердің оқушыларына  «Тұңғыш Президент Музейінің тартуы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде)» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық мұрасы және елбасының әдебиет қайраткерлеріне көрсеткен қолдауы жайлы әңгімелейді.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады. 2018

«Н.Ә. Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы». 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып,  Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратта болатын көрме осылай аталады. Музей-қорық қызметкерлері осынау зор маңызға ие мереке қарсаңында орта білім беретін оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізді.

«Н.Ә. НАЗАРБАЕВ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған. Қазақстан 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері мемлекеттік мереке  - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің заңды нәтижесі болып табылады. Қазіргі заманның ақиқатында мемлекеттің ерекше дәрежесі оның көшбасшысының жеке тұлғасымен айқындалады, ол бүкіл қалыптасу кезеңінде ел дамуының бағытын айқындайды. Мемлекетіміздің басшысы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін, сөзсіз, осындай тұлға болып табылады.

Толығырақ...

 

Қазақстанның ұлттық валютасы күніне арналады. 2018

Қағаз тиындар, алғашқы монеталар, мерейтойлық банкноттар мен Қазақстанның басқа да ұлттық валютасы көрме-экспозициялық жұмыстар бөлімі даярлаған «Алтын теңге» көрмесінде көрсетілді. Көрме Қазақстанның ұлттық валютасы күніне арналды.

Толығырақ...

 

Павлодардағы Орыс музейі. 2018

2018 жылғы 20-26 қазан күндері музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің мамандары көшпелі мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен Халықаралық «Орыс музейі: Виртуалды филиал» жобасы аясында Павлодар қаласында болып қайтты. Музей-қорық мамандары Павлодар облыстық көркемсурет музейі мен қаладағы колледждер базасында мектеп  оқушылары мен  студенттерге төмендегідей бағдарламаларды ұсынды:

1.«Мемлекеттік Орыс музейі бойынша саяхат. Михайлов сарайы. Картинаға ену бағдарламасы»;

 2.«В.М. Васнецов шығармашылығындағы тарихи және фольклорлық кескіндеме»;

 3.«В.И. Суриков – тарихи суреттер шебері».

 Барлығы 100 адамға қызмет көрсетілді.

 

 

Ағаш мүсіндер көрмесіндегі ғажайып сәттер. 2018

Рухани жанғыру

1 қарашада «Алтай» көрме залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Юрий Костанянцтың музей-үйіндегі шеберлердің ағаштан ойып жасаған бұйымдарының «Ғажайып сәт» атты көрмесі ашылды. Оны ұйымдастырумен көрме-экспозициялық бөлім айналысты. 

Толығырақ...

 

Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018

Жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келген Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері музей-қорықта болып қайтты.

Бас консулдықтың мәдениет және туризм жөніндегі консулы  Ван Цинпин айтқандай Қытай Халық Республикасының өкілдері Шығыс Қазақстанға өлкеміздегі түрлі ұйымдармен мәдениет, туризм саласында және басқа да салаларда байланыс орнатып, нығайту үшін келген екен. Екі күн бойы, 22 – 23 қазанда қонақтар  музей-қорық экспозицияларымен танысты.

Толығырақ...

 

Рухани келісім күні – біздің жан дүниемізде. 2018

Рухани жанғыру

18 қазанда  Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтілді. Бұл дәстүр 1992 жылдың қазанында Алматыда өткен Бүкілдүниежүзілік Рухани Келісім конгресінен бастау алған болатын. Оған қатысушылар қабылдаған  манифесте 18 қазанды Рухани келісім күні —  адамдар арасында өзара түсіністік пен қайырымдылық орнататын ұлтаралық күн деп жариялауды ұсынды.

 

Орыс музейі: 120 жылғы тарих. 2018

2018 жылдың 07 қазанында ақпараттық білім беру бөлімінің  мамандары әскери бөлімнің № 5518 әскери қызметкерлеріне арнап «Орыс музейі: 120 жылғы тарих» атты виртуалды экскурсия жүргізді.

Бөлімнің мамандарымен бірлесе отырып, әскери қызметкерлер Санкт-Петербург қаласына  және мемлекеттік Орыс музейінің залдарында  болды. Олар музейдің тарихын фотосуреттер арқылы таныстырды. Негізгі назар залдағы тарихи және батальды суретке аударылған. «Вход в картину» бағдарламасы қызуғушылық танытты.

 

Мемлекеттік Орыс музейінің залдарына саяхат. 2018

2018 жылдың 04 қазанында Халықаралық Қарттар күні мерекесі қарсаңында «ақпараттық білім беру» бөлімінің мамандары Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Герсимовка ауылының  ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне арналған «Мемлекеттік Орыс  музейінің залдарына саяхат» атты виртуалды экскурсиясын жүргізді.

 

 


Страница 15 из 29

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …