No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-15' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 132:2010-10-25-05-34-15
қордан :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары қордан


Әріптер мерекесі. 2017

24 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында славян жазуы мен мәдениетінің 1154 жылдығына арналған «Кирилл мен Мефодий мұрасы музей-қорық жинамасында» атты көрме ашылды.

Славян әлемінің ұлы ағартушылары, славяндардың алғащқы әдеби-жазба тілінің негізін қалаушылар Кирилл мен Мефодий  өмір сүріп, рухани ерлік жасаған кезден бері 11 ғасырдан астам уақыт өткен екен. Олар көптеген халықтарға білім шуағын төкті.

 

Астана – бейбітшілік пен келісім тірегі. 2017

Фото Сергея Сурова - мини-выставка «Астана – оплот мира и созидания»Фото Сергея Сурова - мини-выставка «Астана – оплот мира и созидания»

3 шілде күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан көрме залында «Астана – бейбітшілік пен келісім тірегі» атты шағын көрме ашылды.

Онда көпшілік назарына Отанымыздың астанасы – Астана туралы баяндайтын кітаптар, фотоальбомдар, энциклопедиялар ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы сөз саптайтын басылым қойылды. «Нұрсұлтан Назарбаев. Тарихи жолда» атты ол кітапта жас мемлекеттің соңғы 20 жыл бедеріндегі даму жолдарын айғақтайтын басты оқиғалар келтірілген. РИА-Жаңалықтардың ретроспективті лентасы оқырманға көрнекті Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығының арқасында Қазақстан жеткен табыстар жайлы кеңінен әңгімелейді.

 

Мейірімді ертегілер. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Мейірімді ертегілер шақырады

Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорықтың ғимаратында «Мейірімді ертегілер» деп аталатын жаңажылдық мерекеге арналған дәстүрлі көрме ашылды.

Мейірімді ертегілер шақырады Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорықтың ғимаратында «Мейірімді ертегілер» деп аталатын жаңажылдық мерекеге арналған дәстүрлі көрме ашылды. Экспозицияда өткенге шолу жасайтын Аяз аталар мен қаршақыздар коллекциясы, сондай-ақ, өткен жылдардың белгілерін сипаттайтын жаңажылдық шыршалардың ойыншық көшірмелері, қуыршақтар, шырша ойыншықтары ұсынылған.

Жаңа 2016 жылдың символы Мешін екенін де ұмытпайық. Бұған дейін қытай жұлдызнамасындағы тоғызыншы белгі біздің өмірімізде 2004 жылы, яғни, 12 жыл бұрын болған. Көрмеде қызықты мешінді бірнеше пішінде көруге болады.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тірегі. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаШҚО мен еліміздің тарихына айналған фотосәттер  

 ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында ШҚО мұражай-қорығының «Алтай» галереясында «Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тірегі» атты көрме ашылды. Экспозицияның орталық бөлігін Ұлт тірегінің өлкеміздегі өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарда, оның ішінде мұражай-қорықтың этноауылында болған уақыттарында, ардагерлермен, спортшылармен және оқушы жастармен кездесулерінде шығысқазақстандық  фототілшілердің түсіріп алған жұмыстары алып тұр.

Ретроспективадағы фотожұмыстар  2005-2013 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Олардың  арасында Президентпен бірге фотоға түскен  кейбір шығысқазақстандықтар  өздерін мақтанышпен көре алады.


 

Шығыс Қазақстанның омарта шаруашылығы. Тарих және қазіргі заман. 2015

Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015

Оңтүстік Батыс Алтай аумағындағы омарта шаруашылығы XVIII ғасырдың ортасынан бері дами бастады. Бұған өлкемізде балды шөптер мен бұталардың мол өсуі себеп болды. Бал, сондай-ақ ара шаруашылығының басқа да өнімдері аймағымыздан тыс жерлерге де кеңінен танымал болып, атағы шықты. Көрмедегі ара шаруашылығының дамуынан мағлұмат беретін заттар, яғни көне және заманауи еңбек құралдары, мүкәмал мен омарташы киімі мұражай қорынан алынған, сондай-ақ «Пасека» шаруа қожалығы  мен Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының ҒЗИ берген бұйымдар назарға ұсынылған.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады... «Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз». 2015

Эмблема 20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...Фото Алексея Мазницина

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз» атты көрме ашылды.

Көрменің мақсаты: Қазақстанның көпұлтты  халқының халықтық киімдерінің байлығы мен сантүрлілігін паш ету. Онда көпұлтты Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың үйленутойылық, мерекелік және күнделікті киетін костюмдері көрмеге қойылған.

 

Өлең – сөздің патшасы... (Поэзия – властитель языка). 2015

Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)

2015 жылдың мамыр айынан бастап қазан айына дейін мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Кіші павильонда Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Өлең – сөздің патшасы...»  атты көрме жұмыс істейді.

Абай шығармалары біз үшін – қазақ әдеби тілінің негізіне айналған құнды қазына. Осы шығармалар арқылы біз Абайдың жақсы көрген және өз өлеңдерінде жырлаған туған жерінің келбетін танимыз. Көрменің атауы Абайдың танымал өлеңінің бірінші тармағынан алынған. Оның орыс тіліндегі академиялық аудармасын 1954 жылы В.Звягинцева орындап, М.Әуезов мақұлдаған.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... Біз бірлігімізбен қуаттымыз. 2015 Мы сильны единством. 2015

Фотосурет Алексей Мазницин20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған  «Біз бірлігімізбен қуаттымыз»  атты  көрме өтуде.

Көрме негізінен бөлім қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті тұрғындармен жұмысы және ғылыми экспедициялар нәтижесінде жинақтаған Қазақстан халықтарының  сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарынан тұрады. Кейбір жәдігерлер Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұрған консулдықтар мен елшіліктерден, мәдениет және өнер қайраткерлерінен, мұражай-қорықтың қонақтарынан  әр жылдары алынған.

 

Мен және менің Президентім. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

«Мен және менің Президентім» көрмесі Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға арналған. Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау күні 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы әрі дана саясаткер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.

 

Елбасы. Ұлт көшбасшысы. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина1 сәуірде  мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында сайлауалды үгітке арналған акция өтті. «Елбасы. Ұлт көшбасшысы» көрмесі Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға арналған. Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау күні 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы әрі дана саясаткер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.

 

Алтайдың алтын тамыры. 2014

Фото Алексея Мазницина и Виктора КоржаФото Алексея Мазницина и Виктора Коржа

Халық ақыны Т.Көбдіковтің 140-жылдығына және 2014 жылдың мерейгер-қаламгерлері: Ғ.Байбатыровқа, Ұ.Есдәулетке, Ш.Елеукеновке, С.Ғаббасовқа және М.Құмарбекұлына арналған көрме ашылды.

 

Н.Ә. Назарбаев – ұлт тірегі. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 26 қарашада мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы галереясында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған «Н.Ә. Назарбаев – ұлт тірегі» көрмесі ашылды.

Қазақстан 2014 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке  - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …