No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-15' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 132:2010-10-25-05-34-15
қордан :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары қордан


Әркімнің жүрегінде өз Отаны бар. 2008

Әркімнің жүрегінде өз Отаны бар. 2008 ж.

Жазушы жерлесіміз А.С.Ивановтың 80-жылдық мерейтойына арналған.

 

Өткеннен өнеге. 2007, 2008-2009

“Өткеннен өнеге”. 2007, 2008-2009 жылдар., мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты.

Көрме 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ол келушілерді мұражай-қорықтың қорына соңғы жылдары түскен жәдігерлермен таныстырды. Жәдігерлер ШҚО-ның Жарма, Аягөз, Үржар, Зайсан, Катонқарағай  аудандарына, сондай-ақ Монғолияның Баян-Өлгий аймағына жасалған экспедициялар барысында жиналған болатын.

Көрмеге қазақтардың ХІХ-ХХІ ғасырлардағы халықтық қолданбалы өнерінің іс жүзінде барлық түрлері: тығыз кесте және Шығыста ежелден қолданылатын бізкесте техникасында кестеленген бұйымдар, ыдыс-аяқтың қызықты үлгілері, сандықтар мен жүкаяқтар, зергерлік әшекейлер қойылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі (Астана қаласы) 2007 жылдың ақпан айында мұражай-қорыққа 2 789 бұйым берді. Олардың қатарында көрмеге қойылған көне ертоқымдар, ат әбзелдері, торсықтар, ХҮІІІ ғасыр сауыты бар.

Халық ісмерлерінің өзіндік өнері бояуларының сантүрлі реңктерімен және асқан шеберліктерімен таң қалдырады. Назарға ұсынылған көрме ұлттық қолданбалы өнер қырларын жан-жақты ашады, осылайша дәстүрлердің сабақтастығын және халықтық өнердің сарқылмайтындығын паш еткендей.

 

Сыйлықтар мен сыйлаушылар. 2007

«Сыйлықтар мен сыйлаушылар». 2007 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты.

Көрме мұражай-қорықтың «Құрметті Алтын кітабына» есімдері жазылған мұражай меценаттары мен достарына арналды, солардың арқасында мұражай қоры толыға түскен болатын.

 

Мұхтар Әуезов. Өмірі мен шығармашылығы. 1897 – 1961 жж. 2007

Мұхтар Әуезов. Өмірі мен шығармашылығы. 1897 – 1961 жж. 2007 жыл.

Көрме Жазушының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

 

Менің үйім пасхалық аспанмен қасиеттелген. 2006

«Менің үйім пасхалық аспанмен қасиеттелген». 2006 жылғы 18 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан залында католиктік пасхаға арналды. Көрмені мұражай-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО халықтары ассамблеясының поляк мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.


Экспозицияда қор коллекциясынан алынған католицизм бойынша құлшылық заттары, айшықты суреттері бар жұмыртқалардан тұратын пасхалық композиция, ХХ ғасыр басындағы пошталық ашықхаттар мен басқа да бірегей бұйымдар назарға ұсынылды. Европалық мәнерде безендірілген «Пасхалық ағаш» композициясы экспозицияға ерекше сән берді. Поляк мәдени орталығы жанындағы оқытушы Т.В.Хомич басқаратын «Акварелька» балалар изостудиясы мүшелерінің мереке құрметіне арнайы орындаған еңбектеріне келермендер қызығушылық танытып, эстетикалық ләззат алды.

Көрменің ашылуына «Үміт» балалар үйінің жетім балалары, Рим католиктік шіркеуінің өкілдері шақырылды, олар библиялық сюжеттегі иллюстрацияларды көрсете отырып, Христостың қайта тірілуін католиктердің мерекелеуі жайында түсінікті тілмен айтып берді. Серафим әкей мен монахинялар католиктік храм жиһазы атрибуттарының және жанып тұрған шырақтардың жанында діни әндер орындап, шараға қатысқан барлық балаларға символикалық сыйлықтар таратты. Мерекеде Пасха туралы өлеңдер оқылып, пасхалық мистерия ойналды. Мерекеге қатысушылар кеш соңында мерекелік дәмнен ауыз тиді.

 

Шыр айналған өмір. 2006

2006 жылғы 8 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан ғимаратында Шығыс Қазақстан поляктарына арналған «Шыр айналған өмір» атты көрме ашылды. Көрме Қазақстанға поляктардың жер аударылғанына 70 жыл толуына орайластырылып, Шығыс Қазақстан халықтары ассамблеясының Достық үйіндегі Поляк мәдени орталығымен бірге ұйымдастырылды.

Экспозицияға мұрағаттық құжаттар, кәртішкелер, төлқұжаттар, тууы және шоқындырылуы туралы куәліктер қойылған, оларды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы ілтипатпен ұсынған болатын. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы Жұмба және Ретивый кеніштеріне ХХ ғасырдың 40-шы жылдары жер аударылған жер иеленуші-поляктардың фотосуреттері, жеке заттары бар.

Дарынды суретші-сәулетші Франц Феликсович Иванчуктің (1892-1975) сурет және майлы бояу кескіндемесі техникасында орындалған еңбектері үлкен қызығушылық тудырғаны сөзсіз. 1936 жылы қуғынға ұшырап, Мәскеуден ШҚО-ның Лениногор қаласына жер аударылған ол сол жерде алғашқы изостудия ұйымдастырып, тамаша суретшілердің талай ұрпақтарын түлетіп ұшырды.

Көрмеде Риддерден шыққан әуесқой суретші – Марина Францевна Петрачкованың туындылары ерекше орын алды. 1990 жылдан бастап ол изостудияның тұрақты жетекшісі, сақтаушысы және өзінің әкесі Ф.Ф.Иванчуктің ісін жалғастырушы болып табылады. М.Ф.Петрачкова -  тамаша суретші, пейзаж бен натюрморт шебері, график және акварельші.

“Шыр айналған өмір” көрмесі Шығыс Қазақстан поляктарының ХІХ ғасыр соңынан бастап осы күнге дейінгі тағдыры туралы сыр шертеді.

М.М.Резонтова





 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Ана мен Сұлулық күніне. 2006

2006 жылғы 13 сәуірде облыстық этнографиялық мұражай-қорықта (Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы зал) Армения Республикасының мемлекеттік мерекесі – Армения Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен  бекітілген Ана мен Сұлулық күніне арналған көрме ашылды. 7 сәуір кездейсоқ таңдалған күн емес, армян шіркеулік күнтізбесі бойынша дәл осы күні Құдай барлық адамдарды Құтқарушы – Құдай ұлы Иисус Христосты дүниеге әкелетіні туралы Мария Қызға қуанышты хабар жеткізу үшін Гавриил архангелді (армянша Хрештак Апет) жіберген екен. Ертеден бері бұл мереке христиандықта Благовещение («жағымды, қуанышты хабар» дегенді білдіреді) деп аталады және 7 сәуір шіркеуде салтанатты қызмет етумен атап өтіледі. Оны Армян Апостол шіркеуі де мерекелейді. Соңғы жылдары католикостың (Армян шіркеуінің Жоғарғы Патриархы) жарлығы бойынша бұл күн Ананы қошеметтеу күні деп жарияланды. Нәрестелі болатын әйелдерге Арменияның барлық христиандық храмдарында 7 сәуір күні бата беріледі.


1991 жылы Армения Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жаңа өкімет кеңестік заманмен байланыстының барлығын тарих қоқысына тастау керек деп есептегендіктен 8 наурыз мерекесін «коммунистік режим мұрасы» ретінде алып тастап, 7 сәуірді (христиандық Благовещение мерекесі) Ана мен сұлулық күні деп жариялады. Бірақ көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша адамзаттың нәзік бөлігіне Арменияда тек осы күні ғана емес, 8 Наурызда да қошемет көрсеткен. Ал 2000 жылдан бастап Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік атаулы күндер тізбесіне тағы да енгізілді. Осылайша әйелдерді Арменияда екі рет – 8 наурызда және 7 сәуірде құттықтайды. Армян ерлері: «Біздің махаббатымызың жомарттығы мен кереметтігі сондай, біз өзіміздің сүйіктілерімізді бір ай бойы – 8 наурыздан 7 сәуірге дейін құттықтаймыз» деп қалжыңдайды екен

7 сәуірде атап өтілетін мерекенің негізіне ана мейірімі идеясы қаланған. Жер бетінде сәбилі болатын әйелден сұлу ештеңе жоқ деп саналады Арменияда ерте заманнан. Сондықтан да армяндардың санасында ұлы да терең екі түсінік – Ана мен Сұлулық біріккен.

Осы мерекеге арналған көрме ішінара мұражай коллекциясынан қалыптастырылған болатын. Жәдігерлердің басқа бөлігін облыстық «Арарат» армян мәдени орталығының төрғасы К.М.Нариманян ұсынды. Көрменің ашылу салтанатында армян мәдени орталығының белсенділері келермендерді мерекелік тамаша концертпен қуантты, оны армян тілінің мұғалімі А.С.Оганнисян, «Арарат» би ұжымының жетекшісі Н.В.Мачульская мен орталықтың шығармашыл жастары ұйымдастырған.


М.А.Алейникова, облыстық этнографиялық

мұражай-қорығының ШҚО халықтары

мен азсанды этнотоптары этнографиясы

бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

 

Уақытты да, кеңістікті де жеңген. 2006

Уақытты да, кеңістікті де жеңген. 2006 жыл.

Қазақстан Республикасындағы Пушкин Жылына арналды.

 

ШҚО діні. 2006

ШҚО діні. 2006 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша орналасқан ғимараты

Мұражай-қорықтың қорындағы діни заттар, фотосуреттер, кітаптар.

 

Вайнах. 2006

2006 жылдың қараша айында мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан ғимаратында чешен халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған «Вайнах» атты көрме көрсетілді. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Вайнах» чешен мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған болатын.

1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 31 799 чешен, солардың ішінде Шығыс Қазақстанда 1690, Өскеменде 408 чешен тұрады.

Көрмеге 40 бұйым қойылды. Бұлар – отбасылық альбомдардан ұсынылған көне фотосуреттер, араб тіліндегі Құран кітаптар мен құлшылық заттары, ерлер мен әйелдердің киімдері, чешен мәдени орталығының жетістіктері туралы сыр шертетін фотосуреттер мен грамоталар. «Вайнах» чешен мәдени орталығы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Достық үйінің жанында құрылған. Орталықтың негізгі қызметі чешен халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін түлетіп, сақтауға бағытталған. Оның тұңғыш президенті  Алхазур Дурсиев болды, қазіргі кезде «Вайнах» орталығының төрағасы міндетін Татьяна Абдулловна Кагерманова атқаруда.

Б.М.Құмарова.

 

Сөз тағы да тағдырға айналды... 2005

Сөз тағы да тағдырға айналды... 2005 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша ғимараты.

Көрме жазушы жерлесіміз Е.В.Курдаковтың 65 жылдығына арналды (жазушының кітаптары, фотосуреттері, мемориалдық заттары, авторы Е.В.Курдаков болып табылатын ағаш мүсіндер).

 

Жаңажылдық сиқыр. 2005

Жаңажылдық сиқыр. 2005 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша ғимараты.

ХХ ғасырдың 50-70-ші жылдарындағы жаңажылдық ойыншықтар, қуыршақтар, мүсіндер, ашықхаттар.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …