No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-15' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 132:2010-10-25-05-34-15
қордан :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары қордан


Көшбасшы туралы ой-толғау. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 27 қарашада мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта мұражай-қорықтың ғылыми кітапхана қорынан «Көшбасшы туралы ой-толғау» атты көрме ашылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті туралы, оның тарих ағымындағы өмір жолын баяндайтын қызықты кітаптар мен альбомдар қойылды.

 

Суретші З. Назыровтың көрмесі. 2014

Художник Назыров (1909-1989)

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаАйтулы үш күнге байланысты: Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, қала күніне және суретші З.С. Назыровтың 105-жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстанның облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық мұражай-қорығының қызметкерлері Пушкин атындағы облыстық кітапхана фойесінде автордың портреттік жұмыстарының тұрақты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының облыстық атқарушылық комитетінің тапсырысы бойынша 1970-ші жылдардың екінші жартысында салынған көрінеді. Облыстық мұражай-қорығында суретші З.С.Назыровтың 39 жұмысы сақтаулы. Бұл Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов сияқты атақты тұлғалардың, сондай-ақ әртүрлі кәсіптің қарапайым адамдарының, Кеңес Одағы батырларының және социалистік еңбек ерлерінің портреттері.

 

Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы. 2014

Фото Алексея Мазницина Выставка "Великий заступник Земли русской"Фото Алексея Мазницина Выставка "Великий заступник Земли русской"2014 жылғы 24 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында мұражай-қорық және Өскемен мен Семей епархиясы ұйымдастырған, православиелік Шіркеудің көрнекті қайтаркері, орыс жерінің тақуасы, Троица-Сергиев лаврасының негізін қалаушы – преподобный Сергий Радонежскийдің 700 жылдығына арналған «Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы» атты пасхалық көрме ашылды.

 

Әйелге деген сүйіспеншілікпен. 2014

Женщина…Небесное создание.

Воплощенье сказочной мечты.
Облако несбыточных желаний,

Ветер из добра и красоты…

 

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина«Әйелге деген сүйіспеншілікпен» атты көрме Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы (Семей қаласы)  қорындағы ХХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан шеберлері мен ТМД елдерінің 53 графикалық жұмыстары мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық қорының антикварлық бұйымдар коллекциясын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын назарға ұсынады.

 

Мұражай – арман аумағы. 2014

Музей – территория мечтыМузей – территория мечты

2014 жылғы 11 ақпанда өткен Туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Халықаралық форумға  Қазақстанның әртүрлі облыстарының,  Ресейдің, Кореяның, ҚХР,  Монғолия мен Словакияның туристік компаниялары қатысты. Мұражай-қорық Форумға «Мұражай – арман армағы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының Солжағалық кешені)» атты көрмені ұсынды

 

Менің Қазақстаным. 2014

Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"

Риддерқаласындағы Мәдениет сарайының көрме залында біздің мұражай-қорықтың қорынан ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесі ашылды.

Ол қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен ұлттық дәстүрлеріне, КСРО Суретшілер одағының мүшелері: суретші Анатолий Георгиевич Куклин мен мүсінші  Валерий Соломонович Раппопорттың туындыларына арналған.

Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған киіз бұйымдар (сырмақтар) мен  алашалар назарға ұсынылған.

 

Жаңажылдық ертегі. 2012

2012 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесінде орналасқан ғимаратында «Жаңажылдық ертегі» көрмесі ашылды.

«Жаңажылдық ертегі» – мұражай-қорық қорындағы жаңажылдық керек-жарақтар коллекцияларының көрмесі.

 

«Жаңажылдық ғажайып». 2013

«Жаңажылдық ғажайып»«Жаңажылдық ғажайып»

«Жаңажылдық ғажайып» көрмесі мұражай-қорығының қорындағы жаңажылдық коллекцияны, мектеп оқушыларының шығармашылығы Сарайында тәрбиеленушілердің, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша оқитын студенттердің және оқытушы – сәндік-қолданбалы өнер шебері Р.А. Бобровскаяның шығармашылық туындыларын назарға ұсынған.

Экспозицияға Жаңа жыл символы - әртүрлі ұрпақтар тұсында пайдаланылған Аяз Аталар, Қаршақыздар, өткен ғасыр ортасындағы және ХХІ ғасыр басындағы жаңажылдық шыршалар, шыршалық ойыншықтар мен Жаңа жыл тақырыбындағы түрлі керек-жарақтар енген.

 

Өткен дәуір. 2013

Өткен дәуір...Өткен дәуір...

«Өткен дәуір...» көрмесі XIX және XX ғасырлардың соңындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорық қорындағы жәдігерлер коллекциясын ұсынады. Фарфор, күміс заттар, зергерлік әшекейлер, монеталар мен банкноттар, қарулар және тағы басқалары – бүгінде күнделікті тұрмыста қолданылмайды, десек те, сол көне заттар өткен дәуірдің үні мен оқиғаларын бүгінмен байланыстыратын көпір сынды.

 

Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері. 2012

Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» көрмесінен көріністерШығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» көрмесінен көріністер«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» атты жаңа  көрме ашылды. Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшелері, 2012 жылдың мерейгер жазушы-журналистері: Әзілхан Нұршайықовтың, Мұқан Әбуғалиевтің, Тұрғазы Нұқаевтың, Серік Ғабдоллаұлының және Әлібек Қаңтарбаевтың мерейтойларына орай ұйымдастырылған.

 

Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов. 2012

Фрагменты выставки «Абай и абаеведы: М.О.Ауэзов, К.Мухамедханов»Фрагменты выставки «Абай и абаеведы: М.О.Ауэзов, К.Мухамедханов»«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов» атты жаңа  көрме ашылды. Ол Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Көрме материалдары қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, ақын шығармашылығын зерттеушілер Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың өмір жолдары мен шығармашылықтарынан хабардар етеді. Олардың барлығы Шығыс Қазақстан жерінде өмірге келген және біздің –  мақтанышымыз.

 

Ертегіде қонақта. 2012

«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан сәндік-қолданбалы өнер павильонында «Ертегіде қонақта» атты жаңа экспозиция ашылды,  онда мұражай-қорықтың қорынан алынған жәдігерлер қойылған.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …