No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':onatar-delegacziyalar' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 212:onatar-delegacziyalar
қонақтар, делегациялар :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары қонақтар, делегациялар


Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің С. Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырза мен үнді би, ән және йога мұғалімдері музей-қорықта. 2022

2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған  алаңда үнді халқының ұлы перзентіне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсіміболып өтті. Салтанатты шараға музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры  Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері,  оқушылар мен колледж студенттері қатысты.

 

 

ОАР-дың Төтенше және Өкілетті елшісі музей-қорықта болды. 2019

2019 жылдың 29-30 шілдесі күндері ОАР-дың Орталық Азия елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Кийтуметци С.Т. Мэттьюс ханым ШҚО-да сапарда болды. Дипломат 30 шілде күні музей директорының орынбасары Е.Ю. Рахматулинамен бірге музей-қорықтың бірқатар көрме нысандарында болды. Елші ханым мен онымен бірге жүргендер М. Горький көшесіндегі 59 ғимаратта орын тепкен «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты экспозициямен, кор топтамасынан алынған «Орыс сүлгісі» көрмесімен, сондай-ақ, Қ. Қайсенов (Жастар) этнобағындағы этнографиялық қоныс-үйлермен ден қоя танысты.

 

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі музей-қорықта болды. 2019

2019 жылдың 21 – 24 шілдесі күндері Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырза Шығыс Қазақстан облысында болды.

Біздің музей-қорық көп жылдан бері Үндістан Республикасының Елшілігімен және үнді мәдениет орталығымен жемісті әріптестік орнатқанын атап өткен жөн.  Мұнда бірнеше мәрте үнді мәдениетінің фестивальдары, көрмелер мен шеберлік дәрістері өтті. Ерекше достықтың белгісіндей болып саябақ аумағында үнді халқының белгілі ұлы, ойшылы, Нобель сыйлығының лауреаты Робиндранат Тагорға кеуде мүсін орнатылған. Сол себепті де мәртебелі қонақтың сапары ерекше мәнге ие.

 

Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Шығыс Қазақстанға сапары кезінде 25 сәуір күні музей-қорығында болды. Дипломат музей директоры Медет Нұрғалиевпен бірге көрме залдары және Солжағалық кешен аумағын аралады.

 

Қытайлық туроператорлар Солжағалық кешенде болды. 2019

27 ақпан күні «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесінің ашылуымен байланысты облысымызда жүрген қытай туристік компаниялардың өкілдері музей-қорығының Солжағалық кешен аумағындағы  саябақта болды.

 

Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018

Жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келген Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері музей-қорықта болып қайтты.

Бас консулдықтың мәдениет және туризм жөніндегі консулы  Ван Цинпин айтқандай Қытай Халық Республикасының өкілдері Шығыс Қазақстанға өлкеміздегі түрлі ұйымдармен мәдениет, туризм саласында және басқа да салаларда байланыс орнатып, нығайту үшін келген екен. Екі күн бойы, 22 – 23 қазанда қонақтар  музей-қорық экспозицияларымен танысты.

 

Жаңалықтар *ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Д. Құрманғалиеваның мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болуы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының стратегиясын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық жұмыс аясында 2011 жылғы 30 қазанда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева болып қайтты.


 

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі О.А.Демин мен оның жұбайы мұражай-қорықта және оның Солжағалық кешенінде болып қайтты. 2012

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Алексеевич Демин жұбайымен бірге Шығыс Қазақстанға танысу сапарымен келген кезінде  этнографиялық мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов және М.Горький көшелерінде орналасқан көрме залдары мен Солжағалық этнографиялық кешенінде 2012 жылғы 13 наурызда болып қайтты.

 

ОАР елшісінің мұражай-қорықта болуы. 2012

2012 жылғы 26-27 наурызда Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шириш М.Сони мұражай-қорықта және оның Солжағалық кешенінде болып қайтты.

Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шириш М.Сони мұражай-қорықтың «Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы» атты экспозицияда болуы. 2012 жылғы 27 наурыз.



 

 

 

 

«Бір шаңырақ астында» достық форумы 2012

Форум дружбы «Под единым шаныраком» - совместное  мероприятие музея-заповедника,  девяти Домов дружбы области, управлением внутренней политики ВКО.Форум дружбы «Под единым шаныраком» - совместное  мероприятие музея-заповедника,  девяти Домов дружбы области, управлением внутренней политики ВКО.

2012 жылғы 29 сәуірде Солжағалық кешен аумағында мұражай-қорықтың, облыстағы тоғыз Достық үйінің, ШҚО ішкі саясат басқармасының бірлескен іс-шарасы болып табылатын «Бір шаңырақ астында» атты достық форумы өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері қатысты.

 

ІІІ Халықаралық «Ашық Азия – Ашық Мұражай» фестивалі 2012

Участники III фестиваля «Открытая Азия - Открытый Музей»Открытие III фестиваля «Открытая Азия - Открытый Музей». 23.05.2012 г. Слева направо: Плетникова Лариса (Казахстан, Караганда), искусствовед, директор Центра современной культуры Дешт-и-Арт/ОО «Лаборатория общественного развития»; Аязбаев Еркембек Мукатаевич - секретарь Ассамблеи народа Восточного Казахстана; Зайцев Н.А.  - директор Восточно-Казахстанского областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника;  Сафарова Гульдана (Казахстан, Караганда), искусствовед, заместитель директора Дешт-и-Арт Центра/ОО «Лаборатория общественного развития»; Омар Жаксылык Мукашевич – начальник управления культуры Восточно-Казахстанской области2012 жылғы 22-25 мамырда - Нидерландтың дамушы елдермен ынтымақтастық жасау жөніндегі гуманитарлық институтының (HIVOS) қолдауымен «Дешт-и-Арт» заманауи мәдениет орталығы (Қазақстан, Қарағанды), ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы «Ашық Азия — Ашық Мұражай» атты  III фестиваль өткізді (Өскемен қаласы).

 

22 тамызда жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед және Өскемен қаласындағы жаңа мешіттің ашылуына басқа елдерден келген қонақтар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді. 2012

22 тамызда жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед және Өскемен қаласындағы жаңа мешіттің ашылуына басқа елдерден келген қонақтар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді.

 
  • «
  •  Босының алдындағыірінші 
  •  Осының алдындағы 
  •  1 
  •  2 
  •  3 
  •  Келесі 
  •  Соңғы 
  • »


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …