
2026 жылдың 13 қаңтарында «Заң және тәртіп» әлеуметтік-қайырымдылық акциясы аясында музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі Өскемен қаласының білім бөліміне қарасты КММ «Негізгі орта мектеп-интернатының» оқушыларына арналған «Жаңа жылдық ғажайып: музей-қорықтың қор коллекциясындағы жаңа жылдық ойыншықтар құпиясы» атты танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында балалар ХХ ғасырдың 1920-1980 жылдары аралығында жасалған шырша ойыншықтарының пайда болу тарихымен, олардың дизайнының, пішіні мен материалдарының қалай өзгергенімен музей-қорықтың бай қор коллекциясы негізінде танысты.
Музей экспонаттары ерекше қызығушылық тудырды: 1930 жылдардағы ағаш үгіндісінен жасалған Аяз ата, 1940 жылдардың соңындағы қалың шыныдан жасалған салмақты әшекейлер, 1950 жылдардағы қыстырғышты ойыншықтар, 1960 жылдары кең таралған пластик ойыншықтар.
Балалар шыршаны безендіру бойынша көңілді сайыстарға қатысып, хоровод биледі. Кездесу жылы да мерекелік атмосферада өтті.











