
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері аты аңызға айналған жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің тағылымды өмірі мен шығармашылық жолына арналған тақырыптық іс-шара өткізді.
Іс-шара спикерлері ретінде тарих ғылымдарының кандидаты Р.С. Чекетаева, тарих ғылымдарының магистрі А.А. Ислямова, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қазіргі заманғы тарихты ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Т.А. Садуакасова сөз сөйледі. Толығырақ ...







