• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары Жаңалықтары 9 қазан күні кітапханада ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясын (2003) іске асырудың үздік тәжірибесімен алмасу бойынша өңіраралық семинар өтті. 2026

9 қазан күні кітапханада ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясын (2003) іске асырудың үздік тәжірибесімен алмасу бойынша өңіраралық семинар өтті. 2026

9 қазанда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясын (2003 ж.) іске асырудың озық тәжірибесімен алмасуға арналған өңіраралық семинар өтті. Семинарға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. С. Садырбаев, ЮНЕСКО сарапшылары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының мәдениет саласындағы жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында материалдық емес мәдени мұраны сақтау, түгендеу және кеңінен насихаттау мәселелері қарастырылып, Шығыс Қазақстан облысында атқарылған жұмыстардың практикалық нәтижелері таныстырылды. Тақырыптық баяндамалармен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитет төрағасының орынбасары Р. Р. Музафаров, сондай-ақ сарапшылар В. В. Шахгулари мен Ж. Н. Шайгозова және ғалым-этнографтар сөз сөйледі.

Семинар Қазақстанның бес пилоттық облысында материалдық емес мәдени мұра элементтерін түгендеуге бағытталған ЮНЕСКО-ның техникалық грантын іске асыру аясында өткізілді.

 

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

MyTracker

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3234
Просмотры материалов : 40812617

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...