
2026 жылы 24 сәуірде ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин – Ұлы дала ұстазы» атты іс-шараны Өскемен қаласындағы Л. Гумилев атындағы №38 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап өткізді.
Шара барысында оқушылар оның өмірбаянымен, педагогикалық қызметімен және еңбектерінің қазақ мәдениеті мен білім беру саласындағы маңызымен танысты. Оның көркін «Жұлдыз» өнер мектебі домбырашылар ансамблі әрледі. Жас музыканттар «Ертұран» күйін орындады.
Қонақтар мен қатысушыларға «Ы. Алтынсарин» атты презентация ұсынылды. «Жұлдыз» өнер мектебінің ұстаздары мен тәрбиеленушілеріне алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды. Іс-шара рухани-шығармашылық атмосферада өтті.












