• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары Жаңалықтары
Жаңалықтары


«Алтын күздің ғажайып бояулары». 2026

2026 жылғы 22–28 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Алтын күздің ғажайып бояулары» атты экскурсия өткізеді. Экскурсия барысында Қазақстан мен ТМД елдері суретшілерінің бірегей туындылары ұсынылады. Іс-шараның ерекшелігі –  жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы өнер туындыларын жаңа қырынан таныту. Бұл балаларға картиналар әлеміне терең бойлап, қылқалам шеберлерінің шығармаларын өзгеше қабылдауға мүмкіндік береді.

Экскурсия соңында оқушылардың ой ұшқырлығы мен шығармашылық қиялын шыңдауға бағытталған «Күзгі қазынаға саяхат» атты танымдық викторина өткізіліп, қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Қосымша фотосурет ...

 

Кітап – ұрпақтарды жалғаған алтын көпір. 2026

2026 жылғы 9 қазанда Этнографиялық музейдің Солжағалық кешеніндегі Кіші павильонда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өңір ақындарының ҚАСУ студенттерімен әдеби-танымдық кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Б. Раисова және жас ақын Д. Ауесхан қатысып, жастармен кітаптың адам өміріндегі маңызы мен әдебиеттің жас ұрпақтың дүниетанымына әсері туралы ой бөлісті. Ақындар кітап оқудың ой-өрісті кеңейтіп, адамды ізденіске және рухани кемелденуге жетелейтінін атап өтті. Сондай-ақ жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Толығырақ ...

 

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері аты аңызға айналған жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің тағылымды өмірі мен шығармашылық жолына арналған тақырыптық іс-шара өткізді. 2026

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері аты аңызға айналған жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің тағылымды өмірі мен шығармашылық жолына арналған тақырыптық іс-шара өткізді.

Іс-шара спикерлері ретінде тарих ғылымдарының кандидаты Р.С. Чекетаева, тарих ғылымдарының магистрі А.А. Ислямова, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қазіргі заманғы тарихты ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Т.А. Садуакасова сөз сөйледі.  Толығырақ ...

 

«Заң жолында: ел тыныштығын күзететін мамандықтар». 2026

2026 жылдың 16 қыркүйегінде ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған «Заң мен тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында                «Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушыларына арнап «Заң жолында: ел тыныштығын күзететін мамандықтар» атты іс-шара өткізді. Оның барысында оқушылар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерін қорғауға бағытталған мамандықтармен танысты. Балалар құқықтық жүйе өкілдерінің қызметі мен олардың атқаратын міндеттері туралы мағлұмат алып, «Заң күзетінде» атты құқықтық викторинаға белсенді қатысты.

ақпараттық-ағарту бөлімі

 

Ретро-музей

30 тамызда қала күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің Солжағалық кешені аумағында жаңа экспозициялық нысан –  «Ретро-музейдің» ашылу салтанаты өтті. Жаңа экспозиция келушілерді ХХ ғасырдың тарихи техника үлгілерімен таныстырады.

Маңызды мәдени шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистер және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Техника – тарихтың бір бөлігі, ал тарих – ұрпақ жадында сақталатын құндылық. Енді  осының барлығын бір жерден тамашалауға болады.

Қосымша фотосурет ...

 

“Күмбірле, домбыра!”. 2026

2026 жылғы 5 шілдеде Солжағалық этнографиялық кешендегі үлкен киіз үйде Ұлттық домбыра күні мен күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Қазақ халқының қасиетті музыкалық аспабы – домбыраны және Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара қонақтарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара барысында «Жаңғыру» білім беру және шығармашылық орталығынан домбырашы Ардак Кашей және домбыра жасаудың шебері Казез Жанарбек өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік бағдарлама аясында көрермендерге викторина, скрапбукинг бойынша шеберлік сағаты, музыкалық аспаптарға арналған әдебиеттер көрмесі, сондай-ақ домбыра жасаушы шеберлердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Қосымша фотосурет ...

 

Музей-қорық қызметкері “Қазақстан Республикасының музейлерін цифрландыру” атты халықаралық семинарға қатысуда. 2026

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру» халықаралық семинарына Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының қызметкері қатысуда. Шара 2026 жылдың 22-26 маусымы аралығында өтіп жатыр. Семинар барысында мамандар мәдени мұраны сақтаудың заманауи технологиялары мен халықаралық цифрлық тәжірибелерді меңгеруде.

Қосымша фотосурет ...

 

«Жазушылар құпиясы». 2026

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектеп оқушыларына арнап «Жазушылар құпиясы» атты танымдық іс-шара өткізді.

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дарынды жастарды қолдау мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. 2026

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау және оларды одан әрі ынталандыру мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын (бұдан әрі - Сыйлық) тағайындауға байқау басталғаны туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін 10 номинация бойынша лауреаттар анықталатын болады. Сыйлық туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1242087?lang=kk сілтемесіарқылы орналастырылған.

Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 17 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

Толығырақ...
 

«Абай рухы – Қайым мұрасы». 2026

2026 жылғы 10 маусымда ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Жұлдыз» жазғы мектебінің оқушыларына, № 43 мектеп-лицейінің жаныңдағы жазғы лагерь балаларына (көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай) «Абай рухы – Қайым мұрасы» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының шығармашылығы бойынша танымдық дәріс тыңдады.   Сондай-ақ оларға «Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы этнографиялық музейдің қор топтамасында» атты көшпелі көрме ұсынылды.

 


Страница 1 из 46

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

MyTracker

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3226
Просмотры материалов : 40740192

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...