
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру» халықаралық семинарына Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының қызметкері қатысуда. Шара 2026 жылдың 22-26 маусымы аралығында өтіп жатыр. Семинар барысында мамандар мәдени мұраны сақтаудың заманауи технологиялары мен халықаралық цифрлық тәжірибелерді меңгеруде.







