• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары Жаңалықтары
Жаңалықтары


«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясындағы іс-шара. 2025

ШҚО музей-қорығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні»  республикалық акциясы аясында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлері және музей қызметкерлеріне «Әлемді бірге мейірімді етейік» атты тақырыптық кездесу өткізілді. Іс-шараға «Үлбі» дағдарыс орталығының, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының, Өскемен қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімінің, «Ана Үйі» қоғамдық қорының мамандары, облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері шақырылды. Кездесуге қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған әңгіме жүргізілді, тақырыптық бейнероликтер ұсынылды. Қонақтар өзекті мәселені шешуде өз көзқарастары туралы пікірлерімен бөлісті.

Қосымша фотосурет ...
 

Қазақстан тарихы- заманауи қазақстан ұрпағын тәрбиелеудің негізі ретінде

Музей-қорығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру аясында «Қазақстан тарихы- заманауи қазақстан ұрпағын тәрбиелеудің негізі ретінде» тақырыбы бойынша «Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» студенттеріне әңгіме-экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігі қалыптасуының негізгі кезеңдерімен, дарынды тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлерімен сондай-ақ музей экспозициясының материалдарымен танысты.

Қосымша фотосурет
 

25 қазан күні Қ. Қайсенов атындағы саябақта Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті. 2025

Бағдарлама барысында «Белес» фольклорлық ансамблі, Достық үйінің солистері және шақырылған қонақтар өнер көрсетіп, құттықтау сөздер айтты. Сонымен қатар кәдесыйлар таратылып, қызықты викторина өткізілді.

Іс-шараға Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы № 27943 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметтегі 25 сарбазы құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Музей қызметкерлері саябақ қонақтарымен бірге пазлдар құрастыру ойындарын ұйымдастырып, мереке ерекше көңіл-күймен өтті.

Қосымша фотосурет ...
 

Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Өскемен қаласында музей-қорықтың Солжағалық кешені аумағында алғаш рет танымал қазақстандық этнодизайнер Тарбия Айдымбаеваның ұлттық киімдер бутигі «TARBIYA» ашылды. 2025

Іс-шара бағдарламасында «TARBIYA» брендінің қысқы киімдерінің жаңа топтамасы («Хазар», «Берел алтыны») таныстырылған fashion-көрсетілім, белгілі әнші Г. Оразымбетованың әндері және бренд атынан сыйлықтар таратылған жедел лотерея ұтыс ойыны өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиев және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Қосымша фотосурет ...
 

2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. 2025

2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. Іс-шара бағдарламасында қазақ ұлттық ойындары, араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сағат, экскурсия, сурет көрмесі болды. Сонымен қатар, ШҚО қолөнершілері өз жұмыстарын ұсынды. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, барлық қонақтарға қазақ дастарханынан дәмді бауырсақ және ыстық шәй ұсынылды.

Қосымша фотосурет ...
 

«Абай мұрасы – халық даналығы». 2025

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында «Абай мұрасы–халық даналығы» атты іс-шара өтті. Кездесуге ШҚО Шекара қызметі департаментінің жас қызметкерлері мен қаланың әскери бөлімдерінің сарбаздары, сондай-ақ, Солжағалық кешен қонақтары қатысты. Шығармашылық диалог алаңы – ашық микрофон түрінде өткен іс-шарада Абайдың қара сөздерінен дәйексөздер және өлеңдер оқып, барлығы бірге халық арасында кеңінен танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мерекенің сәні ақын шығармаларына негізделген картиналардың көркемсурет көрмесі болды. Абай үйіне экскурсия жасау мен халық ойындары кездесудің қызықты өтуіне әсерін тигізді.

Қосымша фотосурет ...
 

Музейдегі түн. 2025

2025 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн-2025» Халықаралық музейлік акция өтті. «Тағдырға айналған кәсіп» атты акцияның тақырыбы Жұмысшы мамандықтарының жылына орайластырылған, осыған байланысты музей-қорық облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ауқымды мәдени-танымдық жобаны ұсынды. Акция аясында мерекелік концерт өтті, оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ, Достық үйінің солистері қатысты. Келушілер қолөнершілік пен киімдерді қалпына келтіру және тоқымашылық бойынша шеберлік дәрістерге, сондай-ақ, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындары мен ұлттық ойындарға қатысты. Отбасылық демалыс үшін «Көңілді демалыс өткізу» қарастырылды, онда балалар ойнап, сурет салумен қатар, халықтың еңбек құралдарымен таныса алды. Сондай-ақ, келушілер үшін сауда қатарлары мен тантамарескалар, яғни суретке түсуге арналған стендтер орнатылды.

Қосымша фотосурет...
 

«Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме. 2025

2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!

Қосымша фотосурет...
 

Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке. 2025

12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.

Қосымша фотосурет
 

Наурыз мейрамы. 2025

22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

Қосымша фотосурет
 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пайдаланушылар : 3
Мақалалар : 3220
Материалдарды қарау : 40672465

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...


Последние новости