
Мультимедиалық ресурстардың «Менің Орыс музейім» атты VII халықаралық конкурсында Семей қаласының оқушы қызы музей-қорықтың «Орыс музейі: виртуалды филиал» ақпараттық-білім орталығының қолдауымен 3-ші орынға ие болды.
Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейі өткізген конкурс осы музейдің ашылғанына 120 жыл толуына орайластырылған болатын. Бұл мерейтой биыл атап өтілген еді. Сондай-ақ конкурс «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты халықаралық ағартушылық жобаның 15 жылдығына да арналды. Оған қатысуға балалар да, ересектер де, яғни Орыс музейі виртуалдық филиалдарының қызметкерлері мен келушілері шақырылды.

















