«Мен бейнелейтін әлем»
 2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Ольга Ержановна Чавкина жетекшілік ететін PERFORMANCE студиясы шәкірттерінің көркемсурет көрмесі ашылды. Көрмеде 22 автордың шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрқайсысы өзіндік өрнегімен ерекшеленетін жұмыстар пейзаж, натюрморт, анималистика және фэнтези секілді сан алуан жанрды қамтиды. Көрме – өнер иелерінің шығармашылық ізденісін, көркемдік қызығушылықтарының кең ауқымын және әр қатысушының өзіндік көзқарасын айшықтайтын шығармашылық кеңістік. Суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтаймыз! Оларға шабыт, жаңа шығармашылық идеялар және толағай табыстар тілейміз! Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайы бойынша үш ай бойы жұмыс істейді. Қосымша фотосурет ...
|
Мектеп тәлімгерлерінің сиқырлы қолдары. 2015
 Көрмеге ШҚО мектептері мен колледждерінің технология пәні оқытушыларының бұйымдары ұсынылған. Көрмеге облыстың 20 білім ошақтарынан 30-дан астам ұстаз қатысады. Көрермендердің назарына ағашты ою, аппликация, кесте, ши өру, ұсақ маржанды өру, киіз басу, теріні көркем өңдеу және т.б. сәндік-қолданбалы өнер жанрында түрлі материалдардан жасалған 100-ден астам жұмыс ұсынылған.
Толығырақ...
|
Ағаш отырғызу күні. 2015
 30 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі өткізілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға арналады, бірақ Қазақстанның ауа-райы мерекені уақытында өткізуге келмейді.
Толығырақ ...
Мен және менің Президентім. 2015
 
«Мен және менің Президентім» көрмесі Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға арналған. Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау күні 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы әрі дана саясаткер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.
Толығырақ...
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... 2015

Өскемен қаласының оқушылары көктемгі демалыс кезінде суретші Гүлнар Бекбердинованың «Отанға деген сүйспеншілікпен» атты көрмесін тамашалады.
Толығырақ ...
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... "Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан"-2015 акциясы
 ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында 2015 жылғы 16 және 17 наурызда № 5 орта мектеп пен «Ульбиночка» бала бақшасында «Наурыз Қазақстан мен Орта Азияда» деген лекция-көрме өткізді.
Толығырақ...
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... Қош келдің, Наурыз! 2015
 Мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері 2015 жылғы 18 наурызда № 14 орта мектептің оқушылары үшін мұражай-қорық қорынан ұйымдастырылған «Қош келдің, Наурыз!» атты виртуалды экскурсиясы бар жылжымалы көрме өткізді. Іс-шарада балалар ұлттық ойындар ойнап, конкурстарға қатысты.
Толығырақ...
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... Қош келдің, Наурыз! 2015


2015 жылғы 14 наурызда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімі № 45 орта мектепте «Қош келдің, Наурыз!» атты виртуалды экскурсия өткізді. Мұнда, сондай-ақ, мұражай-қорықтан ұйымдастырылған жылжымалы көрме безендірілді.
Толығырақ...
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған... «НАУРЫЗ» мейрамына арналған іс-шаралар. 2015
 20 наурыз, жұма күні, сағат 9.00-да, мұражай-қорығының ақпаратты-оқу бөлімінің қызметкерлері №37 орта мектеп оқушыларына мұражай-қорықтың қор коллекциясынанкөрме көрсетумен бірге «Жалмауыз кемпір мен қоян» атты ұлттық қазақ ертегісінің желісімен виртуалды экскурсия өткізді. Іс-шарада ұлттық ойындар мен конкурстар өткізілді.
Толығырақ...
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған… 2015
2015 жылғы 17 наурызда ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарыныңэтнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған«Біз - Қазақстан халқымыз»тақырыбындағы мини көрме бойынша лекция өткізді.Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған бұйымдар: Шығыс Қазақстан халықтарының рухани және материалдық мәденитін сипаттайтын маталар, кәдесыйлар көрсетілді.
Толығырақ...
ШҚО сәндік-қолоданбалы өнер шеберлерінің көрмесі бойынша Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің «Интерьер дизайны» бөлімінің 1-ші курс студенттеріне экскурсия жүргізілді. 2015
Қ.Қайсенов көшесінде орналақан этнографиялық мұражай-қорығының көрме залында, халықтық сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері: Мұхамеджанова Р.Ч. және Бемм М.А «Көктемгі калейдоскоп» атты көрме бойынша Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің «Интерьер дизайны» бөлімінің 1-ші курс студенттеріне сәндік-қолоданбалы өнер шеберлерінің жәдігерлерімен таныстырды.
Толығырақ...
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |