 Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Шығыс Қазақстанға сапары кезінде 25 сәуір күні музей-қорығында болды. Дипломат музей директоры Медет Нұрғалиевпен бірге көрме залдары және Солжағалық кешен аумағын аралады.

Қазақстанға келген Германия елшісі Тило Клиннерді музей-қорығымен таныстыру Қ.Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында орналасқан көрме залдарынан басталды. Содан кейін «Халықтар мен азсанды этникалық топтар этнографиясы» бөлімінің меңгерушісі Бақытжамал Құмарова Тило Клиннер мырзаға арнап «Біз - Қазақстан халқымыз» экспозициясы орналасқан залдар бойынша экскурсия өткізді. Елшінің ерекше қызығушылығын танытқан неміс халқының мәдениетіне арналған бөлім болды.
Музей-қорықтағы неміс халқының этнографиясы бойынша жәдігерлермен танысу Солжағалық кешенде жалғасты.
 Тило Клиннер Солжағалық кешеннің көрнекті жерлерін, соның ішінде неміс қонысын тамашалады. Дипломат өз халқының дәстүрлерін танығанын, тұтастай алғанда, музей-қорығы  оны таң қалдырғанын айтып өтті.
Кездесу соңында музей директоры Медет Нұрғалиев елші мырзаға «Әлемге ашық мұражай» альбомы мен жолнұсқаулықты сыйға тартты. Екі жақ одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Суров пен Алексей Мазницын

 Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019
 Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019