2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған алаңда үнді халқының ұлы перзентіне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсіміболып өтті. Салтанатты шараға музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері, оқушылар мен колледж студенттері қатысты.



 Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің С. Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры  Санджай Веди мырза мен үнді би, ән және йога мұғалімдері музей-қорықта. 2022
 Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің С. Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры  Санджай Веди мырза мен үнді би, ән және йога мұғалімдері музей-қорықта. 2022

 
            




 
		