Қорды есепке алу жұмысы
2025 жылдың 1 қаңтары бойынша музей-қорық қорына:
- Негізгі қордың 350 заты
- Ғылыми-көмекші қордың 150 заты
Музей-қорықтың негізгі қорында жәдігерлердің жалпы саны 47965 бірлік сақтауды құрады. Ғылыми-көмекші қорда 25799 сақтау бірлігі тіркелді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша музей қорында барлығы 73764 (жетпіс үш мың жеті жүз алпыс төрт) сақтау бірлігі бар.
Экспозициялар мен көшпелі көрмелер үшін музей заттарын дайындау және беру музей қорын есепке алу және сақтау бөлімінің маңызды функцияларының бірі болып табылады. Қызметкерлер актілерді ресімдейді, осыған байланысты заттарды беру құжаттамасын жүргізеді, одан әрі заттарды орауды жүргізеді, көбінесе көрмелерді монтаждауға қатысады, көрмелер мен экспозициялардан жәдігерлерді қабылдау кезінде сақталуын тексереді, музей құндылықтарын тасымалдауды, ұстауды және қорғауды бақылайды. 2024 жылы - 16300 (он алты мың үш жүз) жәдігер берілді, оның ішінде музейдан тыс көрмелерге - 12600 (он екі мың алты жүз) зат берілді.
Жыл ішінде қордың бар-жоғын салыстыру жүргізілді – бұл қорды есепке алу және сақтау бөлімі қызметінің қажетті аспектісі. Бұл жұмыстың маңыздылығы негіздеуді қажет етпейді: ерекше назар аударуды және дәлдікті қажет ететін бұл ұзаққа созылатын, көп еңбекті қажет ететін процесс маңызды нәтижеге ие болды – музей қорын сақтау туралы объективті ақпарат. Заттардың саны мен нақты жай-күйі тексеріліп, кейбір заттар реставрацияға тағайындалып, музей қор жабдығы тазартылып, өңделеді. Жылдық жоспарда белгіленген мерзімдерде жинақтар бойынша салыстыру жүргізіледі. Музей-қорық жәдігерлеріндегі музей заттарының бар-жоғы ай сайын тексеріліп отырады.
Музей қорын цифрландыру
Музейдің барлық сақтаушылары электронды топографиялық тізілім жүргізеді, онда заттар туралы негізгі мәліметтер енгізіледі. Электрондық топографиялық сипаттамалар музей заттарының фотосуреттерін қамтиды, бұл затты қоймадан табуды айтарлықтай жеңілдетеді.
2024 жылы қорық-музей құрылғаннан бері тұрақты сақтауға қойылған музей коллекцияларын цифрландыру бойынша жұмыс күшейтілді. Бір жыл ішінде ескі қордағы 3710 зат цифрлық форматқа көшірілді.
2025 жылғы 1 қаңтарда электронды жеткізгіштердегі жәдігерлердің қорытынды саны 51607 бірлікті құрады.
Сақтау жұмысы
Бөлім музей-қорықтың экспозициясы мен көшпелі көрмелерін безендіре отырып, іріктеуге, дайындауға, орауға және беруге үнемі қатысады. 2024 жылы 10445 зат стационарлық экспозицияларда болды және 5855 зат көшпелі көрмелер мен дәрістерге берілді.