"Біз – батырлар ұрпағымыз". 2023
Абай облысының тумасы Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай "Парижді жаулап алған дала дауысы" атты іс-шара өткізілді. 2023
   
2023 жылғы 25 сәуірде музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш. М.Карибаева, Асыл А. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен әнші-орындаушы, Абай облысының тумасы Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай "Парижді жаулап алған дала дауысы" атты іс-шара өткізді. Іс-шарада Ә.Қашаубаевтың тірі кезінде жазылған әндері шырқалды, сондай-ақ музей-қорықтың қор коллекциясынан шағын көрме ұсынылды. Іс-шараны қамту 28 адам.
"Фотоаппараттар топтамасы". 2023
 
2023 жылғы 18 сәуірде этнографиялық музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ю.Е. Курдакова «Музей архиві» циклынан "Фотоаппараттар топтамасы" атты іс-шара өткізді. "Спутник" аула клубының балалары фотосуреттің пайда болу тарихы туралы ақпарат тыңдады, музей фотографы С. Суровпен әңгімелесу олардың өнердің осы бір түрі туралы білімдерін кеңейтті. Балалар әртүрлі кезеңнің фотоаппараттары, сондай-ақ, стереоскоптың бірегей жәдігері ұсынылған көрмемен қуана танысты. Іс-шара қызықты әрі өте танымдық деңгейде өтті.
«Туған күн иесінің күні». 2023
 
2023 жылғы 3-14 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскерлері қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына арнап «Туған күн иесінің күні» атты театрландырылған қойылым өткізді. Балалар этнографиялық дәстүрлерде көңілді де топтасқан күйде достарын құттықтап, үй иесінің мекенінде болды, Жұлдызшамен және Хоттабыч қартпен кездесті, Лол қуыршағымен модельдер көрсетілімін өткізді. Онда ешкім де назардан тыс қалған жоқ: құттықтаулар, ойындар мен байқаулар, ертегілерге саяхат, сыйлықтар беру – бүкіл іс-шараға мерекелік ауан берді. Ерекше өткен бағдарламаға 300-ден астам бала қатысты.
"ШҚО халықтарының этнографиялық мұрасы". 2023
 
4 сәуірде ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмысы бөлімінің әдіскері Овчинникованың Е.С. дайындаған зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан арнайы кітапханасының қызметкерлері мен келушілері үшін "ШҚО халықтарының этнографиялық мұрасы" атты іс-шара өтті. Онда музей қорынан алынған жәдігерлер, атап айтқанда, музыкалық аспаптар, қайың қабығынан жасалған ыдыс-аяқ, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқыма бұйымдары ұсынылды. Кездесуге қатысушылар біздің аймақта тұратын халықтың өмірінен алынған қызықты фактілер мен ерекше дәстүрлер туралы білді: мысалы, неміс қыздары тұрмысқа шыққанда ақ емес, қара көйлектер кисе, ал марийліктер жат ғаламшардағы адамдардың шығу тегіне сенеді. Іс-шара жанымызда жүрген адамдардың дәстүрі жайлы терең мағлұмат алуға мүмкіндік бергені үшін жақсы пікірлер мен жарқын ой қалыптастырды.
«Өткен заман батырлары туралы». 2023
  
2023 жылдың 29 наурызында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскері В.В. Щеглов, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, халық депутаттары Өскемен қалалық Кеңесінің төрағасы (1968-1980 жж) Василий Севастьянович Карпенкоға (1923 – 2013 гг) арналған «Өткен заман батырлары туралы» атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара мұрағаттық фотоқұжаттарды көрсетумен сүйемелденді. Өскемен қаласындағы «№ 36 орта мектеп» КММ-нің 5-сынып оқушылары батылдық сабағының қатысушысы болды. Тыңдаушылар саны – 41 адам.
"Салем, Наурыз!" 2023
 
2023 жылдың 28 наурызында музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Л.М. Асылова, Г.М.Бекбердинова, М. Адамбай, Өскемен қаласы әкімдігінің «№37 Негізгі мектеп» КММ қасындағы шағын – орталығыныда Наурыз мейрамына арналған «Қазақ киіз үйінің ішкі безендірілуі» атты көшпелі көрме және «Салем, Наурыз!» атты іс-шара ұйымдастырды.
2023 жылдың 22 наурызында музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі Наурыз мейрамына арналған «Дәстүрлі орыс тағамдары мен ойындары» іс-шарасына белсенді қатысты. 2023
  
Достық үйінің жанындағы алаң – Қоғамдық келісім орталығы орыс ұлттық тағамдарының көрмелері қойылған орынға айналды, олардың арасында «жаворонки», «тетёры» сияқты тағамдар пісірді, көктемгі күн мен түннің теңелуі күніне дәстүрлі түрде дайындалды және бұл біздің күндерімізге дейін ежелден келе жатыр. Олардан бөлек құймақ, бәліш және т.б. да дәстүрлі тағамдар дайындалды, сондай-ақ самауырдан шай ұсынылды. Мерекеде «Шеңберде қаптармен күрес» атты дәстүрлі орыс әзіл байқаулары ұйымдастырылды. Бұл орыс ойыны Масленица сияқты жаппай орыс мерекелерінде өтті. Балалар бұл жарыстарға ықыласпен қатысып, көрермендерді қуантты және қатысқаны үшін сыйлықтар алды. Қамту: 1500 адам.
Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясындағы "Наурыз-бейбітшілік пен ізгілік мейрамы" атты Наурыз мейрамына арналған ақпараттық - ағарту бөлімінің іс-шаралары. 2023
Қазақтың дәстүрлері. 2023
 
Терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакуқызы облыстық «Алтай» телеарнасының және «Дидар» газетінің журналисттерімен кездесті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы әңгімеледі. Осы орайда, музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсияларын үнемі өткізілетінін баяндады. Жаз мерзімінде қазақ ауылында тұсаукесер, беташар дәстүрлері көрсетіліп, қымызмұрындық, ұлттық домбыра күні сынды халықтық мерекелер тойланатыны тілге тиек болды. Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті. Сөз соңында, Солжағалық этнографиялық кешен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлерді, салт-саналар мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға өзіндік үлес қосып отырғанын баса айтты.
«Амал» мерекесі құтты беркелі болсын! 2023
«Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы» 2023
|
|