• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



Мәдени сенбілік, 2013 жылғы 9 маусым

2013 жылғы 9 маусымда  «Үлбі» халықты әлеуметтік қызметпен қамту орталығында халықтар мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері мәдени қайырымдылық іс-шаралар аясында «ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» атты қайырымдылық жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде мұражай-қорық қорындағы 30 жәдігер назарға ұсынылды. Олардың ішінде: Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениетін паш ететін ұлттық киімдер, дәстүрлі бас киімдер мен басқа жәдігерлер болды. «Үлбі» халықты әлеуметтік қызметпен қамту орталығынан көрмені көруге келген балалардың назарына ерекше іліккен сәнді ұлттық киімдер мыналар болды: корей ханбокы, ортаазиялық шапандар, кестелі тақиялар, кавказдықтардың папахасымен қоса берілген буркасы.

 

Уақыттың түр-түсі. (Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу Күніне арналады). 2013

31 мамыр. Қуғынға ұшыраған суретшілер: Г.Фогелердің, А.Черкасскийдің, В.Эйферттің кескіндемелері туралы 5518 ә/бөлімнің әскери қызметшілері үшін виртуалды лекция-экскурсия (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)

 

Сәлем, жаз! 2013

30 мамыр. Меновное ауылының орта мектебі жанындағы лагерьде демалатын балаларға арналып, ұйымдастырылатын мұражайлық танымдық-көңіл көтеретін іс-шара, викторинасы мен конкурстары бар (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)

 

Абайтанушы жазушы Қайым Мұхамедханов (1916-2004). 2013

30 мамыр. «Абайтанушы жазушы Қайым Мұхамедханов (1916-2004)» (Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу Күніне арналады)

№ 43 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары үшін (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, сирек кітаптар бөлімі)

 

Өскемен қаласының тарихы. 2013

30 мамыр. № 43 орта мектеп жанындағы лагерьде демалатын балаларға арналып, мемлекеттік тілде жүргізілетін виртуалды экскурсия (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)

 

Мұражайлардың қызықты әлемі. 2013

29 мамыр. «№ 18 орта мектеп жанындағы лагерьде демалатын балаларға арналған  әлем мұражайлары туралы виртуалды танымдық бағдарлама, викториналары мен ойындары бар (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)

 

Мәдени сенбілік 2013 05 25. «Тері әлемі». 2013

«Жасөспірімдер үйінде» тәрбиеленушілер үшін экскурсиялық қызметпен қамти отырып, ұйымдастырылған жылжымалы көрме мұражай-қорықтың қорындағы коллекциялардан (халықтық және сәндік –қолданбалы өнер бөлімі) алынған.

 

Мәдени сенбілік 2013 05 25. Музыкалы қонақбөлме. 2013

5518 ә/бөлімінің әскери қызметшілері  мен «Үлбі» қалалық әлеуметтік қызметпен қамту орталығының зейнеткерлеріне арналған, облыстық филармониямен бірлескен іс-шара (мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимараты, ғылыми-ағарту жұмысы бөлімі)

 

Мұражайдағы партия ұйымының қатары толықты. 2013

Пополнились ряды  музейной партийной ячейки. 2013Пополнились ряды  музейной партийной ячейки. 2013

17 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ның мұражай-қорықтағы бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» ХДП Өскемен филиалымен бірлесіп Халықаралық мұражайлар күні мен мұражай-қорықтың 45 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Кездесуде егеменді мемлекеттің жаңа саяси бағыты – Қазақстан-2050» стратегиясына   басты көңіл бөлінді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауындағы басым бағыттардың бірі - барлық этнос азаматтары құқықтарының теңдігі туралы, мәдениеті, дәстүрлері мен өзіндік ерекшеліктері жайында атап өтілді.

 

Мұражайдағы түн. 2013

Мұражайдағы түн. 2013Мұражайдағы түн. 2013

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Естіген жоқпыз деп айтпаңыздар! Мамырдың дәл ортасында, атап айтқанда 17 мамырда күн батқан мезгілде  әрі Сиқырлы түн бойы Сізді ғажап оқиғалар, жұмбақ көрсетілімдер шақырады, әрі тағдырыңызда күтпеген өзгерістер болуы ықтимал.

 


Страница 42 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40054340

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...