• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



2013 жылдың 27 сәуірінде партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 95 жыл толуына орай облыста мерекелік іс-шаралар өткізілді. 2013

Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі мен шығармашылығы (мұражай-қорық қорынан) атты жылжымалы көрмеден көрінісҚасым Қайсенов кентінің тұрғындарына жазушы туралу лекция оқу сәтінен көрініс

Ұлан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Т.Шакеровтің шақыруымен іс-шараға мұражай-қорықтың сирек кітаптар мен икон жазу бөлімінің қызметкері Кашаку Гүлжан «Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі мен шығармашылығы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қорынан) атты жылжымалы көрмесімен қатысты.

 

ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясы. 2013

Под единым шаныракомПод единым шаныраком

2013 жылғы 27 сәуірде мұражай-қорықтың этнографиялық кешенінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Өскемен қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясы, сондай-ақ «Бір шаңырақ астында» атты достық Форумы өтті. Сессияда ҚХА-ның «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен республикалық ХХ сессиясында  мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.

 

Ағаш отырғызу күні. 2013

День посадки деревьевДень посадки деревьев

13 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде дәстүрлі корейлік мереке «Ағаш отырғызу күні» өткізілді.

 

2013 жылдың 4 ақпанында Глубокое ауданы Глубокое кентінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші Конгресі өтті. 2013

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші КонгресіШығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші Конгресі

2013 жылдың 4 ақпанында Глубокое ауданы Глубокое кентінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші Конгресі өтті.

Конгресс шеңберінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар «Мәдениет басқармасының 2012 жылғы жұмысының қорытындысы және 2013 жылдың міндеттері» туралы баяндама жасады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Н.А.Зайцевтің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы туралы 2013 жылдың 28 қаңтарда оқыған есебі. 2013

отчётотчёт

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Н.А.Зайцевтің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы туралы 2013 жылдың 28 қаңтарда оқыған есебі

 

Рождество Христово» мерекесі. 2013

Рождество ХристовоРождество Христово«7 қаңтар күні «Рождество Христово» мерекесі күні «Бастеньки» ансамблі облыстық Достық үйі мен Өскемен қаласының Республика алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.

 

Мұражай-қорықтың мәдени сенбілігі. 2012

Культурнsq субботникКультурнsq субботникШҚО мәдениет басқармасы бастап, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен өткізілетін «Мәдени сенбілік» және әлеуметтік серіктестік аясында мұражай-қорық қызметкерлері 2012 жылғы 27 қарашада облыс денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығында іс-шаралар өткізді. Оған бұқаралық ақпарат құралдары: «Рудный Алтай», «Өскемен» газеттерінің, «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «31 арна», «Хабар» телеарналарының тілшілері шақырылды.

 

Қайық станциясының салтанатты ашылуы. 2012

2012 жылғы 6 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағында қайық станциясын ашу салтанаты өтті.

Қайық станциясы  Көгілдір көлдердің оң жағасында салынып жатқан Балалардың көрмелік-ойындық кешеніне таяу жерде орналасқан. Көгілдір көл жағалауында қайықтар мен катамарандарға арналып арнайы жабдықталған орын – Аялдау орны салынды.

 

Жолдарды абаттандыру. 2012

2012 жылдың маусым айында мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Классикалық музыка аллеясын этнографиялық кешенмен қосатын жол бойындағы аумақ абаттандырылды.

 

Ертегілер елі. 2012

22 тамызда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Ертегілер елі» атты балалардың көрмелік-ойын кешенінің ашылуы болды. Кешен аумағында  көрме залдары мен  ішкі аулалары, балалардың ертегілік үйлері, алтыбақан, күрке, су бұрқақтар, құм алаңы, ойын кешендері, орындықтар, сәндік сауыттар, аспалы көпірлері бар  Балалар қалашығы орналасқан.

 


Страница 43 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40055341

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...