Менің Отаным – Қазақстан. 2018
 13 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында оқушылармен Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты тарихи квест өткізді.
Жаңа жылды қарсы алуда. 2018
 
Музей-қорық қызметкерлері жаңа жыл алдында қала мектептерінің балалары үшін Аяз ата және Ақшақармен, торай Хрюшамен, Жалмауыз кемпірмен және басқа да ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған ертеңгіліктер өткізуде. Ол мерекелер музейдің әр жерде орналасқан алаңдарында өтуде.
Естелік вахтасы. 2018

5 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің кезекті жылдығына арналған дәстүрлі «Естелік вахтасы» болып өтті. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкерлері осымен төртінші рет «Русская песня» халықтық ансамблімен бірлесіп, облыстың аудан орталықтары мен ауыл-селоларының жұртшылығы үшін бағдарламасына митингпен қатар соғыс жылдарындағы әндерден тұратын попурри және казактардың фольклорлық әндері енгізілген концерттер өткізді және Естеліктері бар елді мекендердегі соғысқа қатысқан жерлестердің обелискілеріне, стеллалары мен ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, сонымен қатар ескерткіштердің жағдайын қарап, есепке алды. Концерттік бағдарламаны ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің тақырыптық көрмесі толықтырды.
Музей-қорықтағы патриотизм сабақтары. 2017
 
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. Музей-қорықта аталған мерекеге орай көптеген іс-шара өтуде.
Ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне арнап, музей-қорықта оқушылармен және балабақшалардың естияр топтарының тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізуде. Бұл – өзгеше патриотизм сабақтары. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқаумен басталады, одан кейін бөлім қызметкерлері ойын түрінде аталған мерекенің тарихы мен Қазақстанның басты рәміздері жайлы әңгімелейді.
Естелік вахтасы. 2017
 Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында «Сол бір жылдарға тағзым етеміз!» атты естеліктер вахтасын өткізу дәстүрге айналған.
«Сол бір жылдарға тағзым етеміз!». 2017
  2017 жылғы 4-5 мамырда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының 72-ші жылдығына арнап, Глубокое ауданының ауылдарында (Опытное Поле, Прапорщиково, Уварово, Глубокое, Предгорное, Кожохово) Естелік Вахтасын ұйымдастырып, өткізді. Әр ауылда Даңк ескерткіші алдында митинг ұйымдастырылып, әкімдер, ардагерлер, тыл еңбеккерлері сөз сөйледі, «Русская песня» ансамблі концерт қойды, гүл шоқтары қойылды. Опытное Поле селосында «Мәңгілік полк» шеруі ұйымдастырылды, Кожохово ауылында Даңк аллеясына шырша отырғызу үшін музей қызметкерлері ауыл тұрғындарына шырша көшеттерін табыс етті.
«Шимайсыз өмір». 2016
 
2016 жылғы 3 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» жалпы республикалық акция аясында №30 мектеп оқушылары үшін қазақтың белгілі жазушысы Оралхан Бөкеевтың шығармашылығы жайында дәріс өткізілді.
Оқушылардың назарына қазақ жастарының ең сүйікті авторларының бірі – О. Бөкеевтың өмірбаяны ұсынылды. Сонымен қатар, автордың шығармашылығы жөнінде әңгіме жүргізілді.
«Президент пен халық біртұтас». 2016
 
«25 жұлдызды күн» акциясының аясында 6, 13 желтоқсанда ҚАЕУ мен ТЭК колледжінің студенттері үшін музей-қорықта «Президент пен халық біртұтас» тақырыбында лекция оқылды.
Саяси тарих президенттік институттың мемлекеттер өміріндегі айрықша маңызы туралы айғақтайды. ҚР Президентінің ерекше мәртебесі және өкілеттігіне сәйкес, оған заңдылықтың және қоғамдық игіліктің сақталуы үшін айрықша жауапкершілік жүктелген, бұл орайда президент конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекетіміздің азаматтары құқықтарының және бостандықтарының тұрақтылығы үшін кепіл болып табылады.
«Алаш» арыстары жас ұрпақ есінде. 2016
 2016 жылғы 8 желтоқсанда музей-қорықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясының аясында «Исток» мектебінің оқушылары үшін «Алаш» арыстарына арналған лекция өтті. 2016 жылы «Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды, 2017 жылы - «Алаш» партиясының 100 жылдығы атап өтілмек. Оқушылар «Алаш» арыстарының өмірбаяндарынан, Алаш автономиясы үшін күрес тарихынан хабардар болды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басында тұрған Алаш арыстарының мерейтойларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің сай келуінің өзі жақсылықтың нышаны болса керек.
«Мен өмірді таңдаймын!». 2016
  
28, 29 қарашада музей-қорықта ТЭК колледжінің студенттері үшін «Мен өмірді тавңдаймын!» тақырыбында лекциялар өткізілді. Лекцияларда мынадай мәселелер: наркомания көздері, есірткілердің түрлері, ескірткіге тәуелділіктің кезеңдері, оған жасөспірімдерді тарту тәсілдері, есірткілер туралы аңыздар сөз болды. Әлемде, Қазақстанда, Ресейде наркоманияның тарау себептеріне талдау жасалып, осы проблема бойынша статистика берілді.
Лекцияда «Есірткіге жол жоқ!» деген бейнематериалдар қолданылып, Өскемен қаласы оқушыларының, студенттерінің өмірінен мысалдар келтірілді.
Қазақстаным менің – сен менің Отанымсың! 2015
Аяз ата мен балалардың жаңажылдық қызықты оқиғалары. 2015
 
Қазір мұражай-қорықта төменгі сынып оқушыларына арналған жаңажылдық көңілді ертеңгіліктер өтуде. Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта бұл уақытта қызған аншлаг. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің оқушылары үшін өздері ертегі кейіпкерлері болатын қызықты ойындар дайындады.
Сценарий бойынша айлакер Жалмауыз кемпір, Орман перісі және Мысықпен бірге жаңажылдық мерекенің өтуіне кедергі жасау үшін Аяз атаның таяғын ұрлап кетеді. Балалар Қаршақызбен бірге оны тез арада іздеулері керек болады. Бұл жолда олар көптеген оқиғаларға тап болады, Жалмауыз кемпір бірнеше рет балаларды алдап кетуге әрекеттеніп, сиқырлы таяқты біресе гүлмен, біресе шыбықпен ауыстырып қояды. Бірақ ол әрекетінен ештеңе шықпайды.
|
|