«Мен өмірді таңдаймын!». 2016
  
28, 29 қарашада музей-қорықта ТЭК колледжінің студенттері үшін «Мен өмірді тавңдаймын!» тақырыбында лекциялар өткізілді. Лекцияларда мынадай мәселелер: наркомания көздері, есірткілердің түрлері, ескірткіге тәуелділіктің кезеңдері, оған жасөспірімдерді тарту тәсілдері, есірткілер туралы аңыздар сөз болды. Әлемде, Қазақстанда, Ресейде наркоманияның тарау себептеріне талдау жасалып, осы проблема бойынша статистика берілді.
Лекцияда «Есірткіге жол жоқ!» деген бейнематериалдар қолданылып, Өскемен қаласы оқушыларының, студенттерінің өмірінен мысалдар келтірілді.
Қазақстаным менің – сен менің Отанымсың! 2015
Аяз ата мен балалардың жаңажылдық қызықты оқиғалары. 2015
 
Қазір мұражай-қорықта төменгі сынып оқушыларына арналған жаңажылдық көңілді ертеңгіліктер өтуде. Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта бұл уақытта қызған аншлаг. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің оқушылары үшін өздері ертегі кейіпкерлері болатын қызықты ойындар дайындады.
Сценарий бойынша айлакер Жалмауыз кемпір, Орман перісі және Мысықпен бірге жаңажылдық мерекенің өтуіне кедергі жасау үшін Аяз атаның таяғын ұрлап кетеді. Балалар Қаршақызбен бірге оны тез арада іздеулері керек болады. Бұл жолда олар көптеген оқиғаларға тап болады, Жалмауыз кемпір бірнеше рет балаларды алдап кетуге әрекеттеніп, сиқырлы таяқты біресе гүлмен, біресе шыбықпен ауыстырып қояды. Бірақ ол әрекетінен ештеңе шықпайды.
Мұражайлардың ерекше әлемі. 2015
 2015 жылғы 18-19 мамырда ғылыми-ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімі №37 орта мектептің жоғарғы сыныптары үшін Мұражай күніне арналған іс-шара өткізді. Шарада әлемдегі ерекше мұражайлар: «Жын-шайтан мұражайы», «Тышқандар мұражайы», «Прәндіктер мұражайы» және т.б. мұражайлар қалай пайда болды және әлемдегі тұңғыш мұражай қалай аталды, қарапайым және ерекше жәдігерлер туралы әңгімеленді. Оқушылар мұражай-қорықтың жәдігерлерімен танысты, интерактивті ойын және мұражай-қорық бойынша экскурсия жүргізілді.
Масленица – сауық-сайран аптасы. 2012
 
2012 жылғы 20-27 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) «Масленица – сауық-сайран аптасы» іс-шарасы өткізілді.
«Небір сиқырлар жүзеге ассын». 2022
«Қысқы мерекелер дәстүрі». 2021
«Балаларға сыйлыққа – таңғахайып әлем». 2019
2019 жылдың 3 маусымы күні ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері №29 мектептің оқушылары үшін халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Балаларға сыйлыққа – таңғахайып әлем» атты іс-шара өткізді. Балаларға демалыс пен көңіл көтеруге бағытталған ойын-конкурстық бағдарлама әзірленді. Бағдарламаның басты кейіпкерлері Сайқымазақ пен Тимофей мысық балалар үшін «Соқыртеке», «Арқан тарту», сияқты ойындар, көңілді эстафеталар мен ертегілік жұмбақтар ұсынды. Іс-шарамен 40-тан астам адам қамтылды.

«Соқыртеке» ойыны.
«Арқан тарту»

Би флеш-мобы
«Күз – ғажап шақ!». 2019
 2018 жылғы 12-17 қазанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қаладағы № 34, 27 .мектептердің төменгі сынып оқушылары үшін театрландырылған бағдарлама қойды.
Күзші балалармен бірге Күзді мерекеге шақырды. Күз құр қол келген жоқ екен, өзімен бірге мол өнім ала келіпті. Кейіпкерлер балалармен «Ағаштың өз жапырағын тап», «Бүршіктерді жина», «Күзгі гирлянда», «Музыкалы даңғыра» атты ойындар, «Дәмдісін-ай» деген конкурс өткізіп, көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар шешті, күз белгілері туралы викторина ұйымдастырды. Іс-шара би билеп, күз сыйларын таратумен аяқталды.
 
«Христостың қайта тірілуі». 2018
2018 жылдың 11 сәуірінде ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі Өскемен қаласындағы №34 мектептің оқушыларымен Пасха мерекесіне арналған іс-шара өткізді.
Іс-шарада мерекенің дәстүрлері туралы әңгімеленіп, өлеңдер оқылды, пасхалық ойындар ойналды. Музей қорынан алынған пасхалық жұмыртқалардан, ертеректегі ашықхаттардан және басқа да жәдігерлерден құралған шағын көрме көрсетілді.

Мерекенің дәстүрлері жайлы әңгіме.

Пасха мерекесінің символы
«Жұмыртқа домалату» ойыны
|
|