«Жастар» саябағы еске алу шырақтарымен безендірілді. Дәстүрлі «Шырақ жақ» акциясына 500-ден аса қала тұрғындары жиналды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында өз өмірлерін құрбан еткен біздің 7199
жерлестерімізді еске алу үшін қала тұрғындары сонша шырақ жақты.

















Мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері 2015 жылғы 18 наурызда № 14 орта мектептің оқушылары үшін мұражай-қорық қорынан ұйымдастырылған «Қош келдің, Наурыз!» атты виртуалды экскурсиясы бар жылжымалы көрме өткізді. Іс-шарада балалар ұлттық ойындар ойнап, конкурстарға қатысты.



2015 жылғы 17 наурызда ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарыныңэтнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған«Біз - Қазақстан халқымыз»тақырыбындағы мини көрме бойынша лекция өткізді.Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған бұйымдар: Шығыс Қазақстан халықтарының рухани және материалдық мәденитін сипаттайтын маталар, кәдесыйлар көрсетілді.




