Хайуанаттар бағын мекендейтіндер үшін ШҚО мұражай-қорығында суық кезеңде барлық жағдай жасалған. Бұған аңдардың сыртқы жақсы тұрпаттары, белсенділігі куә, ал жыртқыштардың қалың да жылтыраған «тоны» қыс кезіндегі күңгірт күн сәулесінің өзінде жалтылдап тұрады екен. Сондықтан да зообақ Өскемен қаласы мен ШҚО тұрғындарының жиі баратын жерлерінің бірі болып табылады. Шындығында, бұдан басқа қай жерде түз хайуандары: әдемі бұланды, сымбатты сілеусінді, алып қабанды немесе американ тау арыстаны – пуманы тірідей көре аласыз.