Музей-қорық қорынан алынған XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы шамдар мен лампалар. 2018
2018 жылғы 13 сәуірде орыс зтнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары үшін «Музей-қорық қорынан алынған XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы шамдар мен лампалар» атты көшпелі қайырымдылық көрмесін ұйымдастырып, өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған, керосин лампалар, керосин және шырағдан шамдар тақырыптарын қамтыған жәдігерлер көрсетілді. Сондай-ақ, Р.Ю. Нечаев «Терезедегі жарық» тақырыбында (электр жарығы келгенге дейінгі тарих) екі қайырымдылық лекциясын оқыды. Олар суретті және бейне материалдарды басшылыққа ала отырып ұсынылды. Өткен ғасырдағы материалдық мәдениет тарихы жайлы көптеген дүниелермен танысу оқушыларға ерекше қызықты болды. Мұғалімдер аталған іс-шара туралы оң пікірлер айтты.
Пасха мерекесіне арналған жәрмеңке-көрме. 2018

2018 жылғы 8 сәуірде Достық Үйінде – ШҚО қоғамдық келісім үйінде халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова мен М.А.Бемм Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының Пасха мейрамына арналған көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Жәрмеңкеге 14 шебер қатысып, өздері жасаған бұйымдарын (шпоннан, матадан жасалған бұйымдар, тоқыма бұйымдар, жұмсақ ойыншықтар, бижутерия мен т. б.) келушілер назарына ұсынды.
Экология мәселелеріне бағытталған жаңа қадамдар. 2018
 
Музей-қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері өткізіп келе жатқан әңгімелер мен лекциялардың басым бағыттары Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тақырыптарынан тұрады.
Сектор облысымыздың экологиясына қатысты мәселелерге жаңа қадам жасауды жаңғыртумен айналысады. Соған орай аталған шаруа оң шешім табуы үшін оған барлық жастағы адамдарды тартады. Сектор қызметкерлері мектептер мен колледждерге және жоғары оқу орындарына барып, оларды Головков көшесіндегі виртуалды музейге шақырады. Ал көктем мен жаз айларында экологиялық экспозиция орын тепкен Солжағалық кешеннің үлкен павильонында және музей-қорық бақтарында – тұп-тура табиғат аясында өңіріміздің фаунасы мен флорасы туралы қызықты әңгімелер өткізіледі.
Наурыз баршаның басын қосты! 2018
  
Музей-қорық қала бойынша ерекше тойланып өткен Наурыз мерекесін өткізуге атсалысты.
Көгілдір көктеммен ілесе келетін жыл басы мерекесі қалыптасқан дәстүр бойынша Республика алаңында болып өтті. Мерекеден бір күн бұрын, 21 наурыз күні музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері алаңда киіз үй тігіп, онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы латын тіліндегі кітаптардың көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Ол кітаптар Семейдің Абай атындағы кітапханасынан әкелінген еді. Олардың қатарында Абайдың «Қара сөздері», С. Мұқановтың, Б. Майлиннің, С. Сейфуллин мен Ж. Жабаевтың, сондай-ақ, Н. Гогольдің және басқалардың латын тілінде жарық көрген шығармалары бар. Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақыт Әбенованың сөзіне қарағанда, бұл шығарылымдардың барлығы да цифрландырылған және оларды іздейтіндер болып жатса, Қазақстанның Ұлттық кітапханасы мен Семейдің Абай атындағы кітапханаларының сайтынан таба алады.
«Наурыз - жыл басы» атты мерекелік іс-шара. 2018

2018 жылдың 12 - 20 наурыз күндері қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері М. Горький көшесі, 59 мекенжайындағы «Алтай» көрме залында Өскемен қаласындағы мектептердің өтінімі бойынша «Наурыз - жыл басы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Қош келдің, әз-Наурыз! 2018
 

Көгілдір көктемнің ең басты мерекесі қарсаңында музей-қорықта сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты көрмесі ашылды.
Оған облыс орталығының, Семей, Зырян қалалары мен Катонқарағай, Ұлан және Глубокое аудандарының, сондай-ақ, Жаңа Баженов селосы мен Шүлбі кентінің шеберлері өздерінің сан түрлі техникада жасалған жұмыстарын қоймақ. Олар атап айтқанда, ұлттық нақыштағы киіз және тоқылған кәдесыйлар, кілемшелер мен паннолар, интерьерлік қуыршақтар мен ойыншықтар, тігілген және тоқылған кәдесыйлар, былғарыдан жасалған аксессуарлар мен әшекейлер, тасқа орнатылған алқалар мен салпыншақтар, ағашқа ойылған және жазылған кәдесыйлар, қайың қабығынан тоқылған торсебеттер мен құтылар, шпон мен шиыршықталған қағаз шыбықтан жасалған әдемі бұйымдар мен басқа да көптеген дүниелер.
«XIX ғасыр соңы - XX ғасыр басында Оңтүстік-Батыс Алтайды мекен еткен орыстардың мәдениеті» жылжымалы көрмесі. 2018
Қазақстанның виртуалды музейі құрылады. 2018
 
Музей-қорықтың қорындағы жәдігерлер туралы ақпарат Қазақстан Республикасының музейлеріндегі неміс тарихы мен мәдениеті жөніндегі колллекциялардың Тізбесіне енгізіледі.
Тізбені құрастыру ісімен Алматыдағы «Возрождение» неміс мәдени-этникалық қоғамы шұғылдануда, оның қызметкерлері Шығыс Қазақстанға жасаған этномәдени экспедиция кезінде музей-қорыққа ат басын тіреген болатын. Экспедиция мүшесі, тарихшы Елена Хабарованың түсіндіруінше Қазақстандағы белгілі бір облыс аумағында тұрып жатқан немістердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі этнографиялық коллекциялар, заттар қоры мен фотодеректік материал ерекше қызығушылық тудыруда. Зерттеушілердің пікірі бойынша музей-қорықта неміс халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу үшін өзіндік құндылыққа ие сирек жәдігерлер сақталған. Мәселен, 1861 жылдан бастап шығарылған «Кішкентай балаларға арналған мектептік жаршының» 1910 жылғы кітаптарын, сондай-ақ үйленутойылық көйлектер мен гүлтәждер коллекциясын солардың қатарына жатқызуға болады. Сондай үйленутойылық көйлектердің бірін Большенарым ауданының тұрғыны, 1937 жылы дүниеге келген М.И.Мильдонбергер тапсырған. Мария Ивановна көйлекті 1957 жылы өзінің тойына арнап тіккен, ал 1991 жылы оны музей-қорыққа сыйлаған екен.
Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Сіздерге деген махаббатпен, қадірменді жерлестер» атты іс-шара. 2018
 2018 жылдың 1 наурызы күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері М.А. Бемм мен М.А. Торайғырова «Ульба» қалалық тұрғындарғы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көмек алатындар үшін Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Сіздерге деген махаббатпен, қадірменді жерлестер» атты іс-шара өткізді. Тыңдаушылар іс-шара барысында шығысқазақстандық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарынан тұратын «Шығармашылық қуанышы» атты көрмемен танысып, сол бойынша лекция тыңдады. Іс-шараға 62 адам қатысты.
Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін, тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау. 2018
 
2018 жылдың 27 ақпаны күні сағат 15 пен 17 аралығында ШҚО халқының Достық үйінде мәдениет және БАҚ өкілдері «Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін, тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері (В.Черкашина мен Р.Мұхамеджанова) орыс қолөнерінен жасалған бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды. Онда тоз қораптар, ағаш бездері, өрнек салынған сауыттар, ойып жасалған кәдесыйлар, қоға мен шпоннан жасалған себеттер, киіз панно мен қайың қабығынан тұратын картиналар қойылды.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары. 2018
 
Музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың сәби дүниеге келгенде жасайтын әдет-ғұрыптары көрсетілді.
Облыстық музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарға ата-бабаларының салт-дәстүрін ұмытпауға мүмкіндік береді. «Біздің міндетіміз – аталған салт-дәстүрді сақтау, өйткені, оларда бала тәрбиесінің бастауы жатыр», - дейді бөлімнің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина. Сөйтіп, музей-қорық залдарының біріндегі қазақтың киіз үйінде сәбиді бесікке бөлеу «Бесікке салу» және сәбидің жолын ашу – «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді.
Альфия Мухамедьянованың дербес көрмесі. 2018
 
Облыстық этнографиялық музей-қорықта өскемендік суретші Альфия Мухамедьянованың «Көктемнің сұлу сиқыры» атты көрмесі ашылады.
Альфия Мухамедьянова пейзаж, портрет, натюрморт және абстрактілі композициялар салады. Оларды салу үшін кенеп пен қағаз, акварель, тушь, май, қарындаш сияқты көптеген техникалар мен материалдарды қолданады. Альфия бейнелеу өнерімен бала кезінен айналысты, Өскемендегі балалар көркемөнер мектебінде, С. Артеменконың сәулет студиясында білім алды. Оларда алған білімін кейіннен Грециядағы Өнер академиясында шыңдады.
|
|