Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының жылыжайларында 150 мыңнан астам бір жылдық гүлдер өсіріледі.
Жаз мезгілінде олар түрлі түстерімен көз жауын алып, қыста – ел көзінен жасырынады. Жылыжай шаруашылығының жұмыскерлері гүлдердің оннан астам түрін өсіреді. Қыс айлары өтіп, жылы күндер келгенде шырайгүлдер, бегониялар және арыстан ауызы гүлдері музей-қорықтың гүлзарларына «көшіріледі». Ал, әзірше, олар өскемендіктерді өзінің әсемділігімен шаттандыру үшін күш жинауда. Гүлдер әлемінде бізде болып, жылыжай меңгерушісі Ирина Белоусовамен кездесіп қайттық.