Өлкеміздің табиғаты туралы фильм түсіру үшін Шығыс Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздары 14 ақпанда этнографиялық музейде болды. 2018
 
Өлкеміздің табиғаты туралы фильм түсіру үшін Шығыс Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздары 14 ақпанда этнографиялық музейде болды. Қонақтар үшін экскурсияны облыс әкімі Даниал Ахметов ағылшын тілінде жүргізді.
Бай Лин, Кэри-Хироюки Тагава, Марк Дакаскос, Эрик Робертс қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен танысты. Белгілі актерлер музейден көрген жәдігерлерге тәнті болды. Эрик Робертсті, әсіресе, сырмақтар қатты қызықтырды. Бай Лин жәдігерлерді өз телефонына фотоға түсіріп алды.
Оқушыларға арналған Масленица. 2018
 Музей-қорықтың орыс этнографиясы және экспозициялық-көрмелік жұмыстар бөлімдерінің атсалысуымен облыс орталығы мен оған жақын маңда орналасқан елді мекендердегі мектептердің төменгі сынып оқушылары Русь жерінде Масленица қалай өткендігі туралы хабардар болды.
Ескіславяндық Масленица мерекесі көктемгі күн мен түннің теңесуіне орайластырылып, күннің түннен озып шыққандығын дәлелдей отырып, он төрт күн бойы атап өтілген. Бірақ, христиандықтың қабылдануымен бірге оны мерекелеу шіркеулік күнтізбеге бекітіліп, күні бойынша Сырлы жеті күнге (седьмицаға) сәйкес келеді. Биылғы жылы Масленица ақпанның 12-нен басталып, 18-інде аяқталады. Мектептерден келіп түскен өтінімдердің өте көп болуына байланысты музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі театрландырылған қойылым 1 ақпаннан бастау алды. Аталған мерекелер басты ұстанымы Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени мұрасын сақтау болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуде.
Ескі заманнан қалған самаурын» (музей қорларынан). 2018
2018 жылғы 10 қаңтарда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «О. Бөкей атындағы орталық кітапханалық жүйесі» КММ-де «Ескі заманды сүюшілер клубының» мүшелері – қарт адамдар арасында «Ескі заманнан қалған самаурын» (музей қорларынан) атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді.
Көрмеде музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған жәдігерлер ұсынылды: самаурындар, табақтар, шайнектер. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурынның тарихы) тақырыбына екі қайырымдылық дәріс оқып, фотосуреттер мен бейнематериалдар көрсетті. Қарт адамдар өткен ғасырлардың материалдық мәдениетінің тарихымен танысты. Кітапхана әкімшілігі өткізілген іс-шараға оң баға берді.
«ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі іс-шара. 2018
 
2018 жылдың 18 қаңтарында әлеуметтік – мәдениет аясында мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік Орыс Мұражайына виртуалды саяхат» атты тақырыпта виртуалды экскурсия өткізді.Іс-шараға 40-қа жуық «ҮЛБІ» орталығында қызмет алушылар қатысты.
Виртуалды серуен шеңберінде қатысушылар Орыс Мұражайының тарихымен танысып, лектормен бірлесе отырып залдарға қонаққа барды.Орыс суретшілірінің картинасы қойылған залдарға кіріп Ф.Я.Алексеевтің және В.И.Поленовтың картиналарымен танысты.Сондай-ақ Орыс Мұражайының шедеврлары қойылған залдарға барды.
Мектеп оқушылары музей-қорықтың Солжағалық кешенінде. 2018
2018 жылдың 16 қаңтарында Өскемен қаласының №2 орта мектебінің 5 сынып оқушылары үшін ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері музей-қорықтың Солжағалық кешеніне сапар ұйымдастырды. Іс-шараға 37 адам қатысты.
Сапар барысында оқушылар музей-қорықтың Солжағалық кешенінде орналасқан этноауылға, мұз қалашығына барып, сырғанақ теуіп, қазақтың дәстүрлі алтыбақанына отырды. Музей-қорықтың жұмыскерлері жасаған қарлы және мұзды фигуралар оқушылардың көңілдерінен шықты, олар естелікке суретке түсті.
Шығармашыл жастарды қолдау. 2018
 
Музей-қорықта өскемендік мектеп оқушысы Камила Хазиеваға «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты шығармашылық конкурсқа қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының грамотасын тапсыру рәсімі болып өтті. Грамотаны музей-қорықтың ғылыми қызметкері – ҚР-ның Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты Гүлжан Кашаку тапсырды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры – 2000 жылы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған ірі коммерциялық емес қор. Қор жұмысы дарынды жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамалардың дамуына жол ашу. Өскемен қаласындағы №34 мектептің 11 сыныбында оқитын Камила Хазиева «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты конкурсқа өзінің акварельмен салған жұмыстарын жіберген болатын. Ал ол конкурс болса Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған еді.
Әрдайым жаныңда жүретін мереке! 2017
 
Музей-қорықтың саябақтары мен Солжағалық кешен жаңа, 2018 жылды қарсы алуға дайындалуда. Әдемі безендірілген шыршалар, мұз бен қардан сомдалған мүсіндер, тіпті ат жегілген шаналар, осының барлығы таза ауада жана жылды қарсы алғысы келетіндерді күтіп тұр.
Ат жегілген шанамен серуендеу маршруты музей-қорықтың Солжағалық кешеніне келетіндерге арналған, ол қар түсе салысымен жұмыс істейтін болады. Ал шағын жылқы – пони болса қарлы трассаны қажет епейді, балалар пониге отырып, кешендегі саяжолдармен каникул бойы сейіл құра береді. Осы жерде әсем безенген шырша тұр, қонақтарды Аяз Ата, Қаршақыз бен басқа да ертегілік мүсіндер қарсы алады. Оларды дизайн және халықтық сәулет бөлімінің қызметкерлері мұздан сомдаған болатын. Бұл орайда жылымық күндер ұзаққа созылмас, ал суретшілердің туындылары еріп кетпес, сөйтіп өскемендіктер қуанышқа кенелер деп үміттенеміз. Балалардың бос уақыты қызықты өтуі үшін Этноауыл аумағында мұзды төбешік, лабиринт жасалып, мұзды сырғанақ құйылды, ол қатқан кезде, конькиді жалға беретін пункт жұмыс істей бастайды. Ал кешен айналасында шаңғы тебетін жол салынды.
Ақбауырда Күннің қысқы тоқырауы. 2017
 
22 желтоқсанда, қысқы күн тоқырауы күні музей-қорық қызметкерлері «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёваның басшылығымен «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінде бақылау жүргізді.
Ақбауыр облыс орталығынан 38 шақырым жерде, Қалба тауының сілемдерінде орын тепкен. Оның құпиясын алғашқы болып ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашаев ашқан болатын. Ол ежелгі шатқал жартастарындағы тастарға б.д.д. ІІІ мыңыншы жылдары түрлі бейнелер салынған үңгірлерді тапқан еді. Осынау ерекше ескерткішті тапқан көптеген зерттеушілер Ақбауыр сол кездегі адамдар аспан кеңістігіндегі өзгеше құбылыстарды, ең бастысы, Күннің өзгеру кезеңдерін бақылаған ежелгі астрообсерватория болған болуы керек деген пікірге келген. Осылай деп аталған рәсімдік алаңда сүйектер бар (олар геологияда эрозиядан, жауын-судан, өкпек желден және басқалардан пайда болған таулық массивтер деп аталады), оларды зерттеген ғалымдар ол жерлерде ескі заманда өмір сүрген тайпалар түрлі рәсімдер өткізіп, аспан көгінің жарқырауын бақылаған деген пікірге келген.
Толығырақ...
Орыс Мұражайына виртуалды саяхат. 2017
 
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Жаңа жылды мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің мамандары аз қамтылған және де көп балалы отбасылар, жетім балаларға арнап қайырымдылық бағдарлама өткізді.
2017 жылдың 22 қарашасында «Орыс Мұражайына виртуалды саяхат» жасалды.Іс-шараға шамамен 200 бала қатысты.
Виртуалды саяхат шеңберінде балалар Орыс Мұражайының шығу тарихымен танысып, бірнеше суретшілердің суреті қойылған залдарға қонақ болды.Сондай-ақ Ф.Я.Алексеев және В.И.Поленов суреттерімен танысты.
Біздің мұрамыз – халық қолөнері. 2017
 
Республикалық «Шебер-2017. Біздің мұра» конкурсында музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Раиса Мұхамеджановаға қолөнерді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін мойындау сертификаты тапсырылды.
Алматыда қазақстандық қолөнершілердің республикалық «Шебер-2017» фестиваль-конкурсы аяқталды. Оған Шығыс Қазақстаннан барған шеберлердің үйлестірушісі Раиса Мұхамеджановамен бірге біздің өңірдің алты сәндік-қолданбалы өнер шебері қатысты. Олардың бұйымдары Қазақстан дәстүрлі қолөнерінің сан алуан спектрін құрайтын фестивальдің жәрмеңкесіне қойылды. Олар: бізкестелеу, зергерлік өнері, тоқымашылық, металды көркем өңдеу және басқалар.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 2017
 2017 жылдың 13 және 14 желтоқсанында Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қорық-мұражайдың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты лекция-экскурсия өткізді.Іс-шараға Өскемен қаласының № 2 және № 11мектептің 5 және 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға жалпы 110 адам қатысты.
Музей-қорықтағы патриотизм сабақтары. 2017
 
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. Музей-қорықта аталған мерекеге орай көптеген іс-шара өтуде.
Ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне арнап, музей-қорықта оқушылармен және балабақшалардың естияр топтарының тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізуде. Бұл – өзгеше патриотизм сабақтары. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқаумен басталады, одан кейін бөлім қызметкерлері ойын түрінде аталған мерекенің тарихы мен Қазақстанның басты рәміздері жайлы әңгімелейді.
|
|