Астана күніне орай 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың «Жастар» этнобағында Шығыстың сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті.
Өскемен, Семей қалаларынан және Ұлан ауданынан келген 20-дан астам шебер қолдан жасалған эксклюзивті бұйымдарды ұсынды: саз балшықтан жасалған кішкентай ысқырғыштардан бастап қазақ ою-өрнектері салынған жастықтарға дейін. Сонымен қатар, ағаштан, қайың қабығынан, шытыра моншақтан, киізден жасалған бұйымдар да ұсынылды.