«От өзегінен өрілген керамика»
 Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.
Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.
Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.
«Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»
 Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.
Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.
Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.
Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.
Қосымша фотосурет ...
«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)
 Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.
Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.
Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.
Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.
Қосымша фотосурет ...
|
«Көгілдір көлдеріне». 18 маусым. 2013
Қалалық білім бөлімінің әкімдік бекіткен кестесі бойынша № 42, 40 мектептердің оқушылары үшін мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Көгілдір көлдеріне» мұражай автобусымен бір күндік демалыс ұйымдастырылады, сондай-ақ этнографиялық кешен бойынша экскурсия өткізіледі.
|
«Киіз басу». 18 маусым. 2013
Қаладағы әртүрлі мектептердің еңбек пәні мұғалімдері үшін халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Киіз басу» (киізден түрлі бұйымдар жасау: панно, гүлді композициялар, кәдесыйлар) тақырыбы бойынша ақылы негізде тренинг өткізеді. Үйретуші – Зоя Прокопьевна Быкова (Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені, Шеберлер қаласы)
«Киіз басу». 17 маусым. 2013
Қаладағы әртүрлі мектептердің еңбек пәні мұғалімдері үшін халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Киіз басу» (киізден түрлі бұйымдар жасау: панно, гүлді композициялар, кәдесыйлар) тақырыбы бойынша ақылы негізде тренинг өткізеді. Үйретуші – Зоя Прокопьевна Быкова (Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені, Шеберлер қаласы)
«Қазақ ұлттық үйлену тойында атқарылатын салттар». 15 маусым. 2013
Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Достық Үйінің қазақ этномәдени бірлестігімен және қалалық АХАЖ қызметкерлерімен бірлесіп өткізетін «Қазақ ұлттық үйлену тойында атқарылатын салттар» атты көрсетілімдік іс-шара.
Мақсат: қазақ ұлттық дәстүрлерін танымал ету
Шақырылғандар: «Ақниет» и «Зерде» ансамбльдері
Бағдарламада: қазақтардың «Беташар» салты. Бұл салтқа осы күні некесі қиылатын жігіт пен қыз қатысады. Жастардың барлық туыстары – іс-шараға атсалысады (Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешені, №№ 60, 26, 24, 53, 54, 55, 224, 250, 260, 262 автобустарының «Мешіт» аялдамасы)
«Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтар», «Ауған қасіреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979-1989», «Ерлік мектебі: чернобыльші - жоюшылар». 14 маусым.2013
«Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтар», «Ауған қасіреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979-1989», «Ерлік мектебі: чернобыльші - жоюшылар» - № 2 мектеп жанындағы лагерь балалары үшін экскурсия (мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Әскери кешен)
«Үй иесі мен басқаларға қонаққа бару». 13 маусым. 2013
«Үй иесі мен басқаларға қонаққа бару» - № 22 мектеп жанындағы лагерь балалары үшін ертегілік кейіпкерлер: Үй иесі, Орман иесі, Баба-Яга мен ойындары, конкурстары, жұмбақтары бар театрландырылған бағдарлама (ашық аспан астындағы «Жастар» экспозициясы)
«Көңілді күлдіргілер». 13 маусым. 2013
«Көңілді күлдіргілер» - № 4 мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған театрландырылған ойын-сауық бағдарламасы көңілді сайқымазақтары, ойындары, конкурстары мен жұмбақтары бар (Мұражай-қорықтың Солжағалық көрме-ойындық кешенінің Балалар қалашығы).
«Зүбаржатты қаланың сиқыршысы». 13 маусым. 2013
«Зүбаржатты қаланың сиқыршысы» - № 16 мектеп жанындағы лагерь балалары үшін мультфильм көрсетіле отырып, жазушы А.М. Волковтың шығармашылығы бойынша жүргізілетін ауани экскурсия. (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі).
«Көңілді күлдіргілер». 12 маусым. 2013
«Көңілді күлдіргілер» - № 4 мектептің жанындағы лагерь балаларына арналған театрландырылған ойын-сауық бағдарламасы көңілді сайқымазақтары, ойындары, конкурстары мен жұмбақтары бар (Мұражай-қорықтың Солжағалық көрме-ойындық кешенінің Балалар қалашығы)
«Жануарлар әлемінде». 12 маусым. 2013
«Жануарлар әлемінде» - № 40 мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған экскурсия (Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің зообағы)
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |