• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«Мен бейнелейтін әлем»

2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Ольга Ержановна Чавкина жетекшілік ететін PERFORMANCE студиясы шәкірттерінің көркемсурет көрмесі ашылды. Көрмеде 22 автордың шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрқайсысы өзіндік өрнегімен ерекшеленетін жұмыстар пейзаж, натюрморт, анималистика және фэнтези секілді сан алуан жанрды қамтиды. Көрме – өнер иелерінің шығармашылық ізденісін, көркемдік қызығушылықтарының кең ауқымын және әр қатысушының өзіндік көзқарасын айшықтайтын шығармашылық кеңістік.  Суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтаймыз! Оларға шабыт, жаңа шығармашылық идеялар және толағай табыстар тілейміз! Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайы бойынша үш ай бойы жұмыс істейді.  Қосымша фотосурет ...



Ауыл көріністері. 2012

БақташыБақташы

2012 жылғы 11 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында «Ауыл көріністері» атты экспозиция ашылды.

Авторлары – А.И.Коробков, Н.М.Серова

Толығырақ ...
 

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы(1943-1993). 2012

Оралхан Бөкейдің әдеби-мемориалдық бөлмесінен көрініс«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында тұрақты істейтін «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы» әдеби-мемориалдық экспозициясы өз жұмысын жалғастыруда. Ол Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы Мұражай-үйінің үлгісінде жабдықталған. Павильон 2006 жылы ашылған. Экспозиция жыл сайын  жазушы кабинетінің жабдықталуын  бейнелейтін жаңа экспонаттармен толықтырылуда.

Толығырақ ...
 

Славян базары. 2012

Славянский базар

2012 жылғы 26 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені этноауылының аумағында «Славян базары» атты фольклорлық фестиваль өтті, ол Славян жазуы мен мәдениеті күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған болатын. Орталық киіз үйдің айналасында самауырлар, сирек кітаптар, жергілікті шеберлердің сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмелері, сондай-ақ киіз үйдің өзінде картиналар көрмелері назарға ұсынылды.

Толығырақ ...
 

Мамыр түні. 2012

2012 жылғы 25 мамырда мұражай-қорықта Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Мұражайдағы түн» акциясы аясында «Мамыр түні» іс-шарасы өткізілді. Осындай іс-шара әлемнің көптеген қалаларында дәстүрге айналған.

Толығырақ ...
 

Балалық шақ – шағын ел ! 2012

2012 жылғы 18 мамырда мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында «Акварелька» балалар шығармашылығы студиясымен бірлесіп Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен жыл сайын өткізілетін балалар шығармашылығының «Кенгуренок» конкурсы аясында «Балалық шақ – шағын ел» көрмесі ашылды. Ол Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.

Толығырақ ...
 

Үндістанның ұлы гуманисі. 2012

Мұражай-қорықта 2012 жылғы 16 мамырда ұлы үнді ақыны, философы Рабиндранат Тагордың туғанына 151 жыл толуына арналған «Үндістанның ұлы гуманисі» атты іс-шара өткізілді.

Толығырақ ...
 

Сәлем, құстар! 2012

2012 жылғы 6 сәуірде мұражай-қорықтың экологиялық ағарту бөлімі Халықаралық «Құстар күніне» арналған «Сәлем, құстар!» атты акция өткізді.

Толығырақ ...
 

Жарқын Пасха мерекесі. 2012

15 сәуірде Жарқын Пасха мерекесіне орай мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында «Пасхалық халықтық мейрам» өткізілді. Ертеректе Пасханың қалай мерекелегнені этнографиялық дәлдікпен көрсетілді.

Толығырақ ...
 

Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2012

Қазақстанда Ғашықтар күнін 15 сәуірге ауыстыру жөніндегі бастама Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы тарапынан қолдау тапты. Іс-шара мақсаты: қазақ ұлттық мерекелері мен дәстүрлерін көпшілікке танымал ету.

Осы бір тамаша күн қарсаңында Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алу жөнінде өткізілген іс-шараны мұражай-қорық Қазақстандағы Ғашықтар күніне арнады.

Толығырақ ...
 

Туған өлкемді жырлаймын. 2012

«Туған өлкемді жырлаймын» - шығысқазақстандық жазушылардың өскемендіктермен кездесуі Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналды.

Толығырақ ...
 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

MyTracker

Статистика

Пайдаланушылар : 3
Мақалалар : 3238
Материалдарды қарау : 40905632

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...


Последние новости