
Музей-қорық 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуға дайындалуда. 25 қараша күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты фестивальда қазақтың ұлттық шығармашылығы бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Ол Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық Достық үйінде өтті. Көрмеге Семей қаласынан келген шеберлер Айман Боқпасарова мен Сәкен Назархан, ұландық шебер Сайлан Мұкаметбек қатысты. Онда сырмақтар, төсеніш-кілемдер, ағаштан жасалған ыдыстар, «біз кесте» мәнерінде кестелене тігілген майлықтар, жастық тыстары мен көрпешелер қойылды. СҚӨ бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджанова музей-қорық қорынан алынған ағаш тақтайшаларды, киіз бен фетрден жасалған бұйымдар мен басқа да заттарды қойды.










ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әшекей – халық жанының айнасы мен тарихы» атты көрме ашылды. Онда қазақ халқының әшекей бұйымдар тақырыбындағы болмысын көрсететін тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ, бейнелеу және қолданбалы өнер заттары орын тепкен. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамаларынан алынған 50-ден астам бұйым қойылды.












