

Жамбыл атындағы саябақта қалалықтар – балалар, жастар және үлкендер үшін жайлы демалыс сыйлауға бағытталған шаруалар жалғасын табуда.
Ендігі жерде мұнда ағаштардың арасын кезіп, жүре бермей немесе орындықтарда отыра бермей, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік мол. Алаңқайдың бетон қабырғаларына воркаутпен, атап айтқанда, көше гимнастикасымен айналысуға арналған баптамалар (тренажерлар) орнатылған. Алаңқай түрлі спортпен айналысуға болатын топтамаларының көптігімен таңғалдырады. Оны қала жастары да бағалауда. Саябақта қосымша орындықтар да көбейе түскен, мұның өзі зейнеткерлер үшін нағыз демалыс орны болады деп күтілуде.