Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен этнографиялық кешен
Этнографиялық кешен

Этнографиялық кешен

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этнографиялық аймақ – ашық аспан астында қанат жайған сәулет және тұрмыс мұражайы. Оның алаңы – 10 гектарға таяу. Бүгінде мұнда ШҚО-да тұратын халықтардың ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы 12 қонысы мен жеке тұрған 6 нысан орналасқан, олардың құрылысы мұрағаттар мен ғылыми әдебиет материалдары бойынша жүзеге асырылған.

 

Қазақтардың ХІХ – ХХ ғасырлар тоғысындағы отырықшылдық тұрақжайлары

Абайдың Жидебайдағы музей-үйі. Репликация

Түпнұсқа музей-үй Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласынан 180 шақырым жерде, Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылынан 25 шақырым жерде,  Жидебай шатқалында орналасқан. 1895 жылы Абайдың ойы бойынша салынған үй тыныштық мен шабыт атмосферасын сақтап қалған. Мұнда ақын өмірінің соңғы он жылы өткен, осында «Қара сөздердің» едәуір бөлігін жазып, шығармаларды аударған, сондай-ақ, халықтың мәдениеті мен тағдыры туралы да ой толғаған.

ШҚО музей-қорығының этноауылындағы үй 2010 жылы Абай үйінің көшірмесі ретінде жобаланып, салынған. Үй бес бөлмеден, дәлізден және үлкен кіреберістен тұрады. Жалпы ауданы 75,14 ш.м. Шатыры жайпақ төрт бұрышты, қаңылтыр. Тастан қаланған шаруашылық құрылысы «тошала» тұрғын үйге іргелес орналасқан. Оң жақта – ат-арбаға арналған жұқа ағаш жаппа бар.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 



Қоржын үй – бөрене үйі бар қоныс. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Қоржын үй (қарсы үй) – екі камералы үйден үш бөлмелі үйге ауысқан аралықтағы үлгі. Осы нұсқадағы үйлер мұндай атауға қазақ қоржындарының үлгісіне ұқсас болғандықтан ие болған. Ағаш үйлер таулы және орманды аудандарда, атап айтқанда Катонқарағай өңірінде тараған. Халықтың дәулетті бөлігі үй төбесін жұқа тақтаймен жапқан. Тұрғын бөлмелердің төбесі – екі еңісті тақтай шатырмен бөлек шатырланған, сенектің төбесінде – біреңісті шатыр. Қоныс құрамына ағаштан тұрғызылған құрылыстар: ауыз үй, қозы қамайтын, тауық ұстайтын үйшіктер, мал жайлайтын қора енген.



Тас үй. ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр басы

Ертіс өзені алабында тұратын қазақтар сол маңайда мол кездесетін табиғи материалдан, соның ішінде тастан тік бұрышты үйлер салған. Үйлер іргетассыз тұрғызылатын, шатыры екі еңісті болып, жайпақ келген, сырықтармен және шыбықтармен жабылған төбесінің үстіне топырақ төгілген. Терезелері шағын, едені тығыз нығыздалған жер немесе саз балшық болған. Үй екі тұрғын бөлмеден және асүйден тұрады. Тұрғын жай мен шаруашылық құрылыстар (мал қамайтын орын және жабық аула) бір шатырдың астында болып, ортақ есіктен кірген. Мал қора жапсарында – шөп үйетін тас дуал.

 


 

Тошала. ХІХ ғасырдың екінші жартысы

Қазақтардың  отырықшылдық тұрғын жайларының ең көне түрлерінің бірі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында көбінесе асүй және қойма немесе батырақтар тұратын үйжай ретінде пайдаланылған. Үлгісі бойынша киіз үйге ұқсас. Қабырғаларын тастан тұрғызған. Оның ортасына 4 бағана орнатқан, солардың жоғарғы жағына көлденең ағаштар байлаған. Көлденең ағаштардан қабырғаларға қарай сырғауылдар төсеген, олардың үстіне байланған баулар, шыбықтар, шөп тасталатын. Осындай төбенің үстін шым кесектермен жапқан немесе оған топырақ төккен. Төбенің орта тұсынан шаршы келген саңылау қалдырған. Оның астыңғы тұсындағы жер еденге ошақ орнатқан. Тошаланың ішкі жиһазының киіз үй жасауынан ешқандай айырмашылығы жоқ деуге болады.



Дүкен. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Бес еңісті қиық конус үлгісіндегі тақтай шатырлы және терезесі мен кіреберісі бар бесбұрышты ағаш үйдің нұсқасы. Есік біржаппалы. Түтіндігі бесбұрышты ағаш қақпақпен жабылған. Киіз тәріздес үйлерден тік қабырғалы үйлерге ауыспалы аралық болып табылады. Пеш ортада орнатылған. Үйдің жиһазы тура киіз үйдегідей жиналған. Алтайдың барлық жерінде дүкендер кейіннен жазғы үй, немесе шаруашылық үйжайлар ретінде пайдаланылған. Едені – тақтай.

 

 
 

Орыстардың ХІХ – ХХ ғасырлар тоғысындағы тұрақжайлары

 

ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптардың тұрақжайлары

 

Шеберлер қаласы

Бүгінде Шеберлер қаласында сәулеттік шешімі ерекше  5 көрме павильоны –жаңа технология бойынша фибробетоннан тұрғызылған киіз үйлер орналасқан. Мұнда мұражай-қорық қызметкерлері мен Ресурстық орталық шеберлерінің бірлесіп ұйымдастыратын қолөнершілер көрмелері, жәрмеңкелері, шеберлік дәрістері мен тренингтері өтеді.

 

Ана мен бала аллеясы

2011 жылғы 23 сәуірде Астана уақытымен сағат 11.00-де ҚР-да елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру үшін 100 мыңнан астам көшет егу жөніндегі «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» атты акция бастау алды. Акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, Жердің Бүкілдүниежүзілік күнін мерекелеуге орайластырылды.

Акция мақсаты – елді мекендерді жайластыру, экология мәселелерін шешу, жастарды туған өлкеге және републикамыздың болашағына деген қамқорлық рухында тәрбиелеу.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 832
Статьи : 3016

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …