Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Өскемен қаласында музей-қорықтың Солжағалық кешені аумағында алғаш рет танымал қазақстандық этнодизайнер Тарбия Айдымбаеваның ұлттық киімдер бутигі «TARBIYA» ашылды. 2025
 Іс-шара бағдарламасында «TARBIYA» брендінің қысқы киімдерінің жаңа топтамасы («Хазар», «Берел алтыны») таныстырылған fashion-көрсетілім, белгілі әнші Г. Оразымбетованың әндері және бренд атынан сыйлықтар таратылған жедел лотерея ұтыс ойыны өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиев және өзге де құрметті қонақтар қатысты.
2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. 2025
 2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. Іс-шара бағдарламасында қазақ ұлттық ойындары, араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сағат, экскурсия, сурет көрмесі болды. Сонымен қатар, ШҚО қолөнершілері өз жұмыстарын ұсынды. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, барлық қонақтарға қазақ дастарханынан дәмді бауырсақ және ыстық шәй ұсынылды.
«Абай мұрасы – халық даналығы». 2025
 Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында «Абай мұрасы–халық даналығы» атты іс-шара өтті. Кездесуге ШҚО Шекара қызметі департаментінің жас қызметкерлері мен қаланың әскери бөлімдерінің сарбаздары, сондай-ақ, Солжағалық кешен қонақтары қатысты. Шығармашылық диалог алаңы – ашық микрофон түрінде өткен іс-шарада Абайдың қара сөздерінен дәйексөздер және өлеңдер оқып, барлығы бірге халық арасында кеңінен танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мерекенің сәні ақын шығармаларына негізделген картиналардың көркемсурет көрмесі болды. Абай үйіне экскурсия жасау мен халық ойындары кездесудің қызықты өтуіне әсерін тигізді.
Музейдегі түн. 2025
 2025 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн-2025» Халықаралық музейлік акция өтті. «Тағдырға айналған кәсіп» атты акцияның тақырыбы Жұмысшы мамандықтарының жылына орайластырылған, осыған байланысты музей-қорық облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ауқымды мәдени-танымдық жобаны ұсынды. Акция аясында мерекелік концерт өтті, оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ, Достық үйінің солистері қатысты. Келушілер қолөнершілік пен киімдерді қалпына келтіру және тоқымашылық бойынша шеберлік дәрістерге, сондай-ақ, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындары мен ұлттық ойындарға қатысты. Отбасылық демалыс үшін «Көңілді демалыс өткізу» қарастырылды, онда балалар ойнап, сурет салумен қатар, халықтың еңбек құралдарымен таныса алды. Сондай-ақ, келушілер үшін сауда қатарлары мен тантамарескалар, яғни суретке түсуге арналған стендтер орнатылды.
«Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме. 2025
 2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!
Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке. 2025
 12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.
Наурыз мейрамы. 2025
 22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.
Ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі. 2025
 18 наурызда Республика алаңында орналасқан үлкен киіз үйде Наурызнама мерекесі аясында ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде музей-қорық қызметкерлері заманауи киім үлгілерімен қатар, көне қазақ ұлттық киімдерін де көрсетті. Сондай-ақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары: білезіктер мен қапсырмалар және музей-қорықтың қор топтамасынан қазақтың бойтұмар және шолпы сияқты әшекей бұйымдары да ұсынылды.
«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі. 2025
 2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.
Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні. 2025
 15 ақпанда ұмытылмас күн – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. ШҚО музей-қорығында музейде еңбек ететін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құттықтау сөз сөйлеп, әріптестері мен іс-шара қонақтары әндер шырқады. Ардагерлер атынан М. Селиванов пен А. Құрымбаев сөз сөйлеп, сол бір қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар өз борыштарын атқара отырып, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық батылдық пен ерлік көрсетті.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған Ескі Жаңа жыл. 2025
 2025 жылдың 17 қаңтары күні ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен Солжағалық кешенде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Ескі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті!
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, ШҚО білім басқармасы мен музей-қорықпен бірлесіп «Ақниет» орталығының тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласындағы №8, №19, №37 мектептердің оқушылары үшін театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар және сазды әуендермен интерактивті бағдарлама дайындады.
Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, соңында оларға сыйлықтар тарту етілді! Бұл шара ерекше қонақтарымыздың барлық қажеттіліктері мен жайлылығын ескере отырып ұйымдастырылды.
Аяз Ата резиденциясының ашылуы. 2024
 2024 жылғы 21 желтоқсанда музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» республикалық фестивалі аясында Аяз Ата қысқы резиденциясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу күні қысқы резиденцияға 500-ден астам келушілерді, қала тұрғындары мен қонақтарды қабылдады. Тақ залында балалар мен ересектер Аяз Атамен сөйлесіп, хат жазып, естелік фотосуретке түсіре алды.
Сондай-ақ, іс-шара қонақтарын концерттік және ойын бағдарламасы, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі, «Нұр туған» Ежелгі мерекесінің орындалуы күтіп тұрды.
|
|