• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары


Гүл шоғын қою салтанаты. 2022

2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған  алаңда үнді халқының ұлы перзентіне  құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Салтанатты шараға ШҚО музей-қорығының директоры Арсен Тен және музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан қ.) Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері,  оқушылар мен колледж студенттері, барлығы 50-ден астам адам қатысты.

 

Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес. 2022

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында, 2022 жылдың 16 наурызынан ШҚО  музей-қорығында Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусында «Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес» атты тақырыптық көшпелі көрме өтеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы  бойынша департаменті тарапынан музейге бірқатар материалдар берілді. Көрме жалпы халықты осы өткір әлеуметтік мәселеге тартуға, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған.

 

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. 2022

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. Бұл мерекені атап өте отырып, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған жер аударылған адамдарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашыла түседі. Музей-қорық облыстық «Qazaq eline myn tagzym!» атты форум аясында  Достық үйінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылған «ШҚО халқының этнографиялық мұрасы» атты көшпелі көрме өткізді. Ғылыми бөлімдердің қызметкерлері Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорындағы жәдігерлердіжайып салды және форумға қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан халқының материалдық мәдениеті, атап айтқанда, олардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары туралы айтып берді.

 

Маусым ашылды! Мұзайдындарына келіңіз! 2021

28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті.  Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.

Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.

 

Қысқы маусым ашылады! 2021

Шығыс Қазақстан музей-қорығы Самал саябағында және Солжағалық кешеннің аумағында конькимен сырғанауды ұнататындар үшін қысқы маусымды ашады. Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын 2021 жылдың 28 желтоқсанында сағат 18.00-де Самал саябағына және Солжағалық кешеннің мұз айдынына шақырамыз, онда Сізді қысқы маусымның ашылуы мен ойын бағдарламасы тосады!  

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Демеушілік көмек. 2021

ШҚО музей-қорығы Тәуелсіздік күні қарсаңында музейге демеушілік көрсеткен «Өскемен ТМК» АҚ басшылығына алғысын білдіреді!  Музей-қорықтың шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлері үшін 50 қысқы күртке, 50 дана жазғы киім, 50 жұп мақта-мата қолғап алынды. Сертификатты «Өскемен ТМК» АҚ техникалық директоры В.Ю. Чувашов табыс етті.

Шығыс Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірімен біздің табысты ынтымақтастығымыз алдағы 2022 жылы да жалғасады деп үміттенеміз.

 

Сертификат алды. 2021

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір топ қызметкері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап өткізген "Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және келешегі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Конференция 2021 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар Ұлттық музей директоры А. Мұхамедиұлының қолы қойылған сертификаттарға ие болды.

 

«Алтын күзге саяхат» виртуалды экскурсиясы. 2021

2021 жылғы 4 қарашада мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері № 13 орта мектеп оқушыларына "Алтын күзге саяхат" виртуалды экскурсиясын өткізді. Келушілер мемлекеттік Орыс мұражайының (Михайловский сарайы) 3D турымен танысты, бағдарлама мұражай залдарында виртуалды серуендеуге, күз бейнесін салған суретшілердің жұмыстарын егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді. Іс-шара викториналармен, ойындармен, конкурстармен сүйемелденді.

 

 

«ІІІ Александр. Император және коллекционер» виртуалды экскурсиясы. 2021

2021 жылдың 29 қазанында, 3-4 қарашасында мұражай-қорықтың ақпараттық білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева мен бөлім маманы А.А. Асыл  «Орыс музейі: виртуалды филиал» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында Глубокое ауданының Алтайск кентінің орта мектебінің 6 сынып оқушыларына; № 38  орта мектептің 11 сынып оқушыларына, Абай атындағы  ШҚ Гуманитарлық колледж студенттеріне  «ІІІ Александр. Император және коллекционер» атты көрме бойынша виртуалды экскурсия өткізді.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» көшпелі көрмесі. 2021

2021 жылдың 25 қарашасында музей-қорықтың халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 49 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» жылжымалы көрмесін өткізді. Көрмеге музейдің қорынан 100-ден астам жәдігер қойылған. Онда киіз үй интерьерінің фрагменті, қазақ, беларусь, украин және корей халықтарының ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ, армян, әзірбайжан, неміс, үнді этностарының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін экспонаттар көрсетілген. Дәрістік қызмет те ұйымдастырылды.
 

Самал саябағының макеті бар! 2021

2021 жылдың қазан айының соңында музей-қорықтың бас ғимаратында Өскемендегі «Самал» саябағының көлемді макет-жобасының тұсаукесері өтті.

Ауқымы 1:450 болатын макет саябақ аймағының күрделі рельефінің ерекшелігін, биіктік алмасуын, Ертіс арнасы мен өзен ағысын көрсетеді. Макетте: спорт алаңы, қалалық жағажай, велотрек, иттерді серуендетуге арналған алаң, бұқаралық іс-шараларға арналған алаңдар көрсетілген. Заманауи көркемдік құралдар мен полимерлік материалдарды жоғары дәрежеде жете пайдалана отырып орындалған сәулет макеті спорттық-демалыс кешенін абаттандыру жоспарын анық көрсетеді.

 

Самал саябағында велотрек ашылды! 2021

2021 жылдың 9 қазанында Самал саябағында велотрек салтанатты түрде ашылып, велосипед спортынан жарыс өтті.

Талдықорған қаласынан келген велосипед жарыстарындағы ВМХ бағытының өкілі Евгений Яковлев велотрек жасап және осындай жарыстарды ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін қала және облыс басшылығына алғысын білдірді. Өскемен қаласының велосипед жарыстары бойынша жаттықтырушысы Андрей Нитяжуктың пікірінше, Самал саябағындағы велотрек – бұл велосипед спортының әуесқойлары үшін түрлі жарыстар өткізудің бірегей мүмкіндігі. Мұндай велотректер Қазақстанда тек Астана мен Алматыда ғана бар деді жаттықтырушы.  Ал қыста мұнда сноуборд және велосипед тебуге болады дейді Андрей Васильевич.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пайдаланушылар : 830
Мақалалар : 3082
Материалдарды қарау : 39040431

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...