"Бейбітшілік және келісім" кездесуі. 2023
 
2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.
Музей-қорықтың 55 жылдығына арналған «Музейдегі түн» аясындағы іс-шара. 2023
 
2023 жылдың 19 мамыры күні музей-қорықта музейдің мерейтойына арналған «55 жыл достар ортасында» атты жыл сайынғы «Музейдегі түн» акциясы өтті. Қ. Қайсенов атындағы саябақтың орталық сахнасы маңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарды вокалдық және би ұжымдарының мерекелік концерті күтіп тұрды. Саябақтың этноауылында орыстың қима бөренелерінде отырып, қоспа шәй мен ескі орыс рецептерімен жасалған құймалар ішуге болатын еді. О. Бөкей үйінің жанында «Шабыт» студенттік театрының орындауындағы жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдау мүмкіндігі туды. Сауда қатарында мерекенің барлық қонақтарын қолдан пісірілген кондитерлік өнімдер мен самауырдың шәйі күтіп тұрды. Саябақ алаңдары мен музей ғимараттарында ойын-конкурстық бағдарламалары, шыныға сурет салу, қол өнері, халық және үнді билері бойынша шеберлік дәрістері, сондай-ақ, флэш-мобтар, викториналар және музей экспозициялары бойынша экскурсияларф өтті.
2023 жылдың 22 наурызында музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі Наурыз мейрамына арналған «Дәстүрлі орыс тағамдары мен ойындары» іс-шарасына белсенді қатысты. 2023
  
Достық үйінің жанындағы алаң – Қоғамдық келісім орталығы орыс ұлттық тағамдарының көрмелері қойылған орынға айналды, олардың арасында «жаворонки», «тетёры» сияқты тағамдар пісірді, көктемгі күн мен түннің теңелуі күніне дәстүрлі түрде дайындалды және бұл біздің күндерімізге дейін ежелден келе жатыр. Олардан бөлек құймақ, бәліш және т.б. да дәстүрлі тағамдар дайындалды, сондай-ақ самауырдан шай ұсынылды. Мерекеде «Шеңберде қаптармен күрес» атты дәстүрлі орыс әзіл байқаулары ұйымдастырылды. Бұл орыс ойыны Масленица сияқты жаппай орыс мерекелерінде өтті. Балалар бұл жарыстарға ықыласпен қатысып, көрермендерді қуантты және қатысқаны үшін сыйлықтар алды. Қамту: 1500 адам.
Қазақтың дәстүрлері. 2023
 
Терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакуқызы облыстық «Алтай» телеарнасының және «Дидар» газетінің журналисттерімен кездесті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы әңгімеледі. Осы орайда, музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсияларын үнемі өткізілетінін баяндады. Жаз мерзімінде қазақ ауылында тұсаукесер, беташар дәстүрлері көрсетіліп, қымызмұрындық, ұлттық домбыра күні сынды халықтық мерекелер тойланатыны тілге тиек болды. Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті. Сөз соңында, Солжағалық этнографиялық кешен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлерді, салт-саналар мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға өзіндік үлес қосып отырғанын баса айтты.
Қысқы маусымның ашылуы! 2022
 
2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.30-дан 19.00-ге дейін музей-қорықтың Солжағалық кешенінде мұз айдынының ашылуымен қысқы маусымның тұсаукесері өтті. Дәстүрге айналған іс-шараның негізгі мақсаты- тұрғындар арасында қысқы спорт түрлері мен спорттық өмір салтын насихаттау. Салтанатты шараға қала әкімі Жақсылық Омар, оның орынбасары И.Ф. Смит, журналистер қатысты. Мерекелік бағдарлама жас мәнерлеп сырғанаушылардың, Өскемен фристайлы жетекшілерінің, биік мүсіндер шоуының және музей-қорық қызметкерлері дайындаған хоровод, викторина, жарыса билеу бойынша өткізілген конкурс, сондай-ақ, "Бастеньки"фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қойылымдарынан тұрды.
«Жана Қазақстан. Таза табиғат». 2022
Шығыс Қазақстан немістерінің "Видергебурт" мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениеті фестивалі. 2022
 2022 жылдың 10 қыркүйегінде неміс мәдени орталығы музей-қорық қызметкерлерімен бірлесіп, музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этноауылда Шығыс Қазақстан немістерінің «Видергебурт» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды. Фестивальді Ольга Штрауб жетекшілік ететін камералық оркестр ашты. Мәртебелі қонақ – ақын, өлкетанушы, коллекционер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров болды.
Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі. 2022
 2022 жылдың 9 қыркүйегінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалым-қатысушылар «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінің аумағында болды. Топ жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, археолог З.С. Самашев әріптестерін Ақбауыр І, Ақбауыр ІІІ елді мекендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды
«Ұлттық Домбыра күні». 2022
Облыс орталығы Өскемен қаласында мәдениет, білім беру және қаланың мәдени мекемелерінің қызметкерлері үшін Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев музейінің қызметкерлерімен спикерлік бағдарлама кездесу. 2022
 
2022 жылдың 23-24 маусымында мұражай-қорық қызметкерлері облыстың орталығы Өскемен қаласында мұражай, кітапхана қызметкерлері, ЖОО, колледж оқытушылары және мәдени мекемелердің мамандары үшін Алматы қаласындағы Д. А. Қонаев музейінің қызметкерлерімен спикерлік кездесу ұйымдастырып, өткізді. Сондай-ақ, жеке заттар, фотосуреттер мен құжаттар қойылған "Д.А. Қонаевтың естеліктері мен өмірі" көрмесін құрды. Спикерлер музей-қорық директоры А. В.Тенге зор алғыс пен құрмет білдірді.
Ұлытаудан Ақтауға дейін Өскемен арқылы. Сәрсенбай Қотырашевпен кездесу. 2022

2022 жылдың 6 маусымы күні музей-қорықта Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру шебері, осы жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аумағының мыңдаған шақырымын еңсеріп, еліміздің 10 қаласына табан тіреген Сәрсенбай Қотырашевпен кездесу өтті. Жиһанкездің мақсаты – еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыру, қолөнершілік кәсіпті дамыту. Кездесуге заманауи сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, "Білім инновация" лицейінің оқушылары шақырылды, олар саяхатшының бағыт-бағдары, Отанымыздың қалалары мен елді мекендері тұрғындарымен кездесулері және осынау бір қызық тағдырлы адамның өмірбаяны туралы сұрақтарға жауап алды.
"Музей түні-2022"
 
2022 жылғы 18 мамырда ШҚО музей-қорығында Балалар жылына және ТМД елдерінің халықтық мәдениетіне арналған "Музей түні-2022" дәстүрлі акциясы болып өтті. Ашылу салтанаты сағат 18.00-де Қ.Қайсенов атындағы этнобақта бастау алған мерекеге С.Вивекананда атындағы (Нұр-Сұлтан қ.) үндімәдени орталығынан келген қонақтар, қаланың үздік балалар ұжымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Ертіс-концерттің" вокал орындаушылары қатысты. Кеш жүргізушілері Ж.Дәлелханов пен Ю. Павленко саябақтың орталық алаңында 2 сағаттық бағдарлама өткізді. Қонақтар – үндімәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан) Санджай Веди мырза мен «Казцинк» ЖШС бас директорының сапаны бақылау жөніндегі кеңесшісі Дилип Джоши мырза құттықтау сөзін сөйледі.
|
|