 Қош келдіңіздер!
|
Туған күн иесі. 2022
 Оқу жылы аяқталып келеді, сыныптың барлық балаларын туған күнімен құттықтайтын кез келді. ШҚО музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі бастауыш сынып оқушыларына арналған «Туған күн иесі» театрландырылған бағдарламасын өткізіп жатыр. Бағдарламада: жақсы көңіл-күй силайтын ойын-сауық, құттықтаулар, сүйікті кейіпкерлермен кездесулер өтуде. Іс-шаралар отінімдер бойынша откізіледі.
Лекциялар, экскурсиялар. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі». 2022
Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Су күні». 2022
 
Жыл сайын 22 наурызда әлем бойынша дүниежүзілік су ресурстары күні аталып өтіледі. Оны өткізу идеясы алғаш рет 1992 жылы БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциясында айтылған болатын. Содан бері нақ осы күні бүкіл әлемде судың ластану проблемасына қоғам назарын аудару бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді.
25 наурыз күні Солжағалық кешен аумағында өлке фаунасы бөлімінің биологы Ю. Павленко дүниежүзілік Су күніне арналған акция ұйымдастырды. Акцияға саябаққа келушілер, ересектер мен балалар және қала қонақтары, жалпы 30-дан астам адам қатысты.
Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетімен серіктес ынтымақтастық. 2022
 
Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығы 2022 жылдың 22 наурызында Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетінде өткен "Үлкен Алтайдың түркі тілдес халықтарының этникалық тарихы мен этнографиясы" атты түркітанушы-жас ғалымдардың Халықаралық мектебінің «Үлкен Алтай: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әралуандылық" атты V ғылыми-ағарту сессиясына қатысты.
Ғылыми-ағарту сессиясы офлайн және онлайн форматында өтті. Музей-қорықтан онлайн форматындағы сессияға сирек кітаптар және иконажазу ғылыми-зерттеу бөлімі меңгерушісінің м.а. О.Н. Осерчева қатысты. Сессияға сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстанның әріптес жоғары оқу орындары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 75 адамды құрады (офлайн – 30 адам, онлайн – 45 адам).
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. 2022
«НАУРЫЗ» мейрамына арналған іс-шаралар мен экскурсиялар. 2022
 2022 жылғы 14-24 наурыз аралығында Өскемен қаласының № 11, 18, 23, 26, 29, 36, 38 мектеп оқушылары; "Азамат" балабақшасының тәрбиеленушілері; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 1 курс студенттері үшін мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлерімен мерекенің тарихы мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, мұражай-қорықтың қор жинақтарындағы экспонаттарды көрсете отырып "Көктемгі Наурыз мейрамы!" ақпаратты-сауықтық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар балалардың ұлттық ойындарымен және конкурстарымен сүйемелденді. Іс-шараларға 314 адам қатысты.
Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес. 2022

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында, 2022 жылдың 16 наурызынан ШҚО музей-қорығында Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусында «Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес» атты тақырыптық көшпелі көрме өтеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан музейге бірқатар материалдар берілді. Көрме жалпы халықты осы өткір әлеуметтік мәселеге тартуға, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған.
«Күн дидарлы Наурыз нақыштары». 2022
 
2022 жылғы 14-23 наурыз аралығында «Император» сауда кешенінде музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Күн дидарлы Наурыз нақыштары» атты көшпелі көрме ұйымдастыруда. Көрмеде ежелгі және қазіргі заманғы қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, қазақ киіз үйінің ішкі мүкамалдары ұсынылды. Көрме әр түрлі жастағы келушілердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
«Наурыз –көктем әуені!». 2022
 
Наурыз – көктеммен бірге келетін, мыңдаған жылдардан бері атап өтіліп келе жатқан мереке. Ол Шығыс халықтарында жыл басы болып саналады және табиғаттың жаңаруын бейнелейді.
ШҚО музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі 2022 жылдың 14 – 18 наурыз күндері қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін Наурызға арналған театрландырылған-танымдық бағдарлама өткізеді. Іс-шараның басты кейіпкерлері киіз үй иесі, оның қызы Наурызгүл, Отжүз-кемпір мерекенің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып, киіз үйдің мүкәмалдарымен таныстырады, балалармен қазақтың халықтық ойындарын ойнайды.
Кең ауқымды Масленица, біз сені мақтан етеміз! 2022
1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. 2022
 
1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. Бұл мерекені атап өте отырып, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған жер аударылған адамдарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашыла түседі. Музей-қорық облыстық «Qazaq eline myn tagzym!» атты форум аясында Достық үйінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылған «ШҚО халқының этнографиялық мұрасы» атты көшпелі көрме өткізді. Ғылыми бөлімдердің қызметкерлері Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорындағы жәдігерлердіжайып салды және форумға қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан халқының материалдық мәдениеті, атап айтқанда, олардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары туралы айтып берді.
Маусым ашылды! Мұзайдындарына келіңіз! 2021
 
28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.
Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |