• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


Ақбауырда Күннің қысқы тоқырауы. 2017

Ак бауырАк бауыр

22 желтоқсанда, қысқы күн тоқырауы күні  музей-қорық қызметкерлері «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёваның басшылығымен «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінде бақылау жүргізді.

Ақбауыр облыс орталығынан 38 шақырым жерде, Қалба тауының сілемдерінде орын тепкен. Оның құпиясын  алғашқы болып ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашаев ашқан болатын. Ол ежелгі шатқал жартастарындағы тастарға б.д.д. ІІІ мыңыншы жылдары түрлі бейнелер салынған үңгірлерді тапқан еді. Осынау ерекше ескерткішті тапқан көптеген зерттеушілер Ақбауыр сол кездегі адамдар аспан кеңістігіндегі өзгеше құбылыстарды, ең бастысы, Күннің өзгеру  кезеңдерін бақылаған ежелгі астрообсерватория болған болуы керек деген пікірге келген. Осылай деп аталған рәсімдік алаңда сүйектер бар (олар  геологияда эрозиядан, жауын-судан, өкпек желден және басқалардан пайда болған таулық массивтер деп аталады), оларды зерттеген ғалымдар ол жерлерде ескі заманда өмір сүрген  тайпалар түрлі рәсімдер өткізіп, аспан көгінің жарқырауын бақылаған деген пікірге келген.

Толығырақ...

 

Орыс Мұражайына виртуалды саяхат. 2017

Виртуальные прогулки по Русскому Музею. 2017Виртуальные прогулки по Русскому Музею. 2017

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Жаңа жылды мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің мамандары аз қамтылған және де көп балалы отбасылар, жетім балаларға арнап қайырымдылық бағдарлама өткізді.

2017 жылдың 22 қарашасында «Орыс Мұражайына виртуалды саяхат» жасалды.Іс-шараға шамамен 200 бала қатысты.

Виртуалды саяхат шеңберінде балалар Орыс Мұражайының шығу тарихымен танысып, бірнеше суретшілердің суреті қойылған залдарға қонақ болды.Сондай-ақ Ф.Я.Алексеев және В.И.Поленов суреттерімен танысты.

 

Біздің мұрамыз – халық қолөнері. 2017

«Шебер-2017. Наше наследие»«Шебер-2017. Наше наследие»

Республикалық «Шебер-2017. Біздің мұра» конкурсында музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Раиса Мұхамеджановаға қолөнерді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін мойындау сертификаты тапсырылды.

Алматыда қазақстандық қолөнершілердің республикалық «Шебер-2017» фестиваль-конкурсы аяқталды. Оған Шығыс Қазақстаннан барған шеберлердің үйлестірушісі Раиса Мұхамеджановамен бірге біздің өңірдің алты сәндік-қолданбалы өнер шебері қатысты. Олардың бұйымдары Қазақстан дәстүрлі қолөнерінің сан алуан спектрін құрайтын фестивальдің жәрмеңкесіне қойылды. Олар: бізкестелеу, зергерлік өнері, тоқымашылық, металды көркем өңдеу және басқалар.

 

Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 2017

специалистами информационно-образовательного отдела музея-заповедника проведена лекция-экскурсияспециалистами информационно-образовательного отдела музея-заповедника проведена лекция-экскурсия2017 жылдың 13 және 14 желтоқсанында Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қорық-мұражайдың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты лекция-экскурсия өткізді.Іс-шараға Өскемен қаласының № 2  және № 11мектептің 5 және 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға  жалпы 110 адам қатысты.

 

Музей-қорықтағы патриотизм сабақтары. 2017

Уроки патриотизма в музее-заповеднике. 2017Уроки патриотизма в музее-заповеднике. 2017

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі –  Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. Музей-қорықта аталған мерекеге орай көптеген іс-шара өтуде.

Ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне арнап, музей-қорықта оқушылармен және балабақшалардың естияр топтарының тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізуде. Бұл – өзгеше патриотизм сабақтары.  Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқаумен басталады, одан кейін бөлім қызметкерлері ойын түрінде аталған мерекенің тарихы мен Қазақстанның басты рәміздері жайлы әңгімелейді.

 

Өнермен виртуалды кездесулер. 2017

Виртуальные встречи с искусством. 2017 Виртуальные встречи с искусством. 2017

Биыл музей-қорықта жұмыс істейтін «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығына 10 жыл толды.

Виртуалды филиалдың арқасында музей-қорыққа келетін адам атаулы Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің інжу-маржанымен таныса алады. Келушілер осы жердегі экранға қарап отырып-ақ экскурсия жүргізушінің көмегімен Орыс музейінің залдарын тамсана аралай алады, өнер туындыларының тарихымен, оларды дүниеге әкелген авторлармен және орыстың бейнелеу өнерімен етене танысады.  Өскемендегі Орыс музейінің филиалы – Орыс музейінің Ресейдің мәдениет және білім беру мекемелерінде және шетелдерде орын тепкен екі жүзден астам  өкілдіктерінің бірі болса, Қазақстандағы бірегейі.

 

19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар. 2017

2017 жылғы 8 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар» атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді. Көрмеге «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары қатысты. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Мұнда музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған «Самаурындар, табақтар және шайнектер» атты тақырыбы бойынша экспонаттар ұсынылған. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурын тарихы) тақырыбына төрт қайырымдылық дәріс оқыды. Дәріс барысында фото мен бейне материалдар көрсетілді. Оқушылар өткен ғасырлардың материалдық мәдениеті тарихы жайында көп ақпарат алды. Мұғалімдер өткен іс-шара жайында жақсы пікір қалдырды.

 

Мәуліт- құтты мереке. 2017

Маулит-благодатный праздник. 2017Маулит-благодатный праздник. 2017

Мақсаты:  Салт- дәстүрімізді, дінімізді,  өнегелі  өмір  тарихы, ізгі  қасиеттері  туралы  кең  мағлұмат  беру,  жас  ұрпақты  имандылыққа  тәрбиелеу.

Өткізілетін  орны:  ШҚ облыстық  этнографиялық  мұражай-қорығы,  «Алтай» көрме залы.

 

Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы. 2017

Быт русских крестьян старообрядцев на Рудном АлтаеБыт русских крестьян старообрядцев на Рудном Алтае

2017 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің «№103 шипажайлық балабақша-бөбекхана» МКМ-інде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері «Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы» тақырыбында театрландырылған этнографиялық көрініс өткізді.

Іс-шараға Емеля мен Марья-ісмер киіміндегі екі ертегілік кейіпкер қатысты. Этнографиялық  материал балаларға түсінікті болу үшін оны ойын үлгісінде өткізу қажет болды.

 

«Н.Ә.НАЗАРБАЕВ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ».2017

«Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы»«Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы»«Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған.

Қазақстан 2017 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке  - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің заңды нәтижесі болып табылады.

 

Қалалықтар қимай қоштасты. 2017

в знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцевув знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцеву

Өскемендегі қалың жұртқа танымал музей-қорықтың негізін қалаушы Николай Алексеевич Зайцевтің құрметіне сан түрлі әсем шарлар аспан көгіне ұшырылды.

Өскемендегі облыстық этнографиялық музей-қорық бұдан табаны күректей жарты ғасырдай бұрын Бутаково селосындағы мектептің бір бөлмесінде ашылған шағын музей болатұғын. Келесі жылы оған 50 жыл болады.  Бүгінде ол тек Қазақстандағы көпбейінді музей-қорық қана емес. Ол дегеніңіз – өз аумағына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи және сәулет ескерткіштерін топтастырған музей, «Жастар» этносаябағында ашық аспан астында орналасқан музей, Жамбыл атындағы демалыс саябағы және 100 гектардан астам аумақты алып жатқан Солжағалық кешен.

 

«Алтын теңге» көрмесі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған.. 2017

выставка «Золотой тенге»выставка «Золотой тенге»

1993 жылдан бастапҚазақстандаҰлттық валюта күні атап өтілуде. Айналымға теңге енгізілгеннен бері біздің еліміз нақты тәуелсіздікке – экономикалық және қаржылай тәуелсіздікке ие болды. Теңге –Гимнмен, Тумен және Елтаңбамен қатар ел символына айналды.

 

 
Еще статьи...


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …