• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


«Хониагаран» ұжымының орындауындағы иран дәстүрлі музыкасы. 2017

Концерт иранской традиционной музыки в исполнении коллектива «Хониагаран». 2017Концерт иранской традиционной музыки в исполнении коллектива «Хониагаран». 2017

8 қыркүйек күні сағат 18.00-де Достық үйінде (облыстық драма театрының Головков көшесі, 47 мекенжайдағы бұрынғы ғимараты) Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы мен Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы елшілігі жанындағы Иран мәдени орталығы арасында орнаған ұзақмерзімді мәдени ынтымақтастық аясында «Хониагаран» музыкалық ұжымының орындауындағы иран дәстүрлі музыкасынан концерт өтті. Концерт Өскемен қаласы Күнін мерекелеуге орайластырылған болатын.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

Оқу жылы Орыс музейімен бірге басталды. 2017

Фото музея-заповедника «Русский  музей: виртуальный филиал»Фото музея-заповедника «Русский  музей: виртуальный филиал»

2017 жылғы 2 қыркүйікте музей-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері Өскеменде «Орыс  музейі: виртуалды филиал» ақпараттық-білім орталығының ашылуына 10 жыл толуы аясында Семей қаласының «Шәкәрім атындағы мамандандырылған облыстық 3 тілде оқытатын мектепте» болып қайтты. Олар Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Орыс  музейінің «Мен жер бетінде бір ғана қаланы білемін...» тақырыбында өткізген VI халықаралық мультимедиалық ресурстар конкурсының жүлдегерлеріне  наградалар тапсыру үшін барған болатын. Мемлекеттік Орыс  музейінің атынан құттықтау іс-шарасын жүргізген «Орыс  музейі: виртуалды филиал» ақпараттық білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М.Кәрібаева «11-13 жасар оқушылар» атты ұжымдық еңбек номинациясында жеңіп алған 3-орындары үшін дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.

 

Қазақстан Республикасының Конститиуциясы. Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз. 2017

Фото Алексея Мазницына - vkoem.kzФото Алексея Мазницына - vkoem.kzФото Алексея Мазницына - vkoem.kz

2017 жылғы 28 тамыз күні 11.00 сағатта музей -қорықтың ақпараттық білім бөлімінің мамандары «Қазақстан Республикасының Конститиуциясы. Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» атты виртуалды экскурсия-лекция  өткізді. Іс-шараға Ахмер ауылында орналасқан  Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орта буын оқушылары қатысты.

Экскурсия-лекция барысында балалар Конституция ұғымымен танысып, қоғамдағы мемлекеттің негізгі заңының қандай маңызды рөл атқаратындығын анықтады. Оқушылармен бірге республикамыздың азаматтарына бекітілген негізгі құқықтар мен міндеттерді талқыладық.  «Мен Конституция туралы не білем» және «Мен және менің құқығым» атты викториналық ойын өткізілді. 

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

Гүлгүл жайнаған көңіл-күй. 2017

Фестиваль цветовЖыл сайын Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге орайластырылып жүрген гүл фестивалі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында 30 тамызда өткізіледі.

 Жыл сайынғы көрме-сатылым «Жастар» саябағының орталық алаңында сағат 10-да басталады. Гүл өсірумен әуестенетін қалалықтардың назарына үйде өсетін әдемі өсімдіктер мен көшеде өсірілетін гүлдер ұсынылмақ. Фестивальге келушілерді гүлдердің көрме-сатылымы, жеміс беретін ағаштар мен бұталардың көшеттері, оларға қоса жүретін тауарлардың көрме-сатылымы, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі күтіп тұр.

 Гүл өсірушілер бақытгүлдерді, құртқашашты, шегіргүлді және басқа да өсімдіктерді егу және оларды күту жөнінде кеңес береді. Бұл жерде өскемендіктер гүлдердің, пиязтектілер мен көкөністердің тұқымдарын сатып ала алады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

Жұлдыздар «аққан» түн. 2017

фото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауырфото Алексея Мазницына - В древнем святилище Ак бауыр

Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығына қарасты ежелгі Ақбауыр ғибадатханасында астрономияны танып-білуге құштар өскемендіктер үшін алғаш рет «Алыс әлем шақырулары» атты астрономиялық экспедиция жасалды.

Белгілі болғанындай, жексенбіге қараған түні Персидтердің жоғары метеорлық шоғырлануы орын алды. Біздің саяхатшылар діттеген жерге түс ауа, аздап кешігіп жетті. Экспедицияны ұйымдастырушылар Қоржынбай тауының етегіне шатырлар тігіп жатқанда Ақбауыр кешенінің меңгерушісі Галина Петенева қонақтарға осы маңдағы қызықты археологиялық ескерткіштер – ертедегі адамдар түрлі салттар  өткізіп, астрономиялық нысандарды бақылаған ежелгі ғибадатхана жайлы татымды әңгімелеп берді. Топ мүшелері б. д. д. V-III мың жыл бұрын бояумен түрлі суреттер салынған үңгірлерді көрді. Ескерткішті аралап көрген соң олар Сорокин тауының басына шығып, үңгірдің үстіне жиналып, алыс қашықтықта суретке түсті. Ал рәсім өткізіліп келген алаңда өлкетанушы Николай Топольняк көктем мен күздегі күн мен түннің теңесуін және жаз бен қыстағы күннің тоқырауын дәл болжап, анықтайтын нүктені жарықшақтар мен тереңге бой ұрған жартастар арқылы бақылайтын қарапайым шоқылардың қалай пайдаланылғанын сөз етті.

 

Қолөнершілердің облыстық фестивалі болып өтті. 2017

11 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында облыс қолөнершілерінің «Алтай базары» атты фестивалі болып өтті.

Оған облыстың 10 аймағының, атап айтқанда, Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Ұлан, Абай және Глубокое аудандарының 25 сәндік-қолданбалы өнер өкілі қатысты. Қатысушылар ағаш ою  мен ағашқа өрнек салу, қоға мен шыбықтан түрлі бұйымдар тоқу, саздан белгілі бір зат илеу, ши тоқу сияқты сан түрлі халықтық өнер бойынша тегін шеберлік дәрістерін өткізді. Дәрісте пайдаланылған материалдарды фестивальға қатысушылар әкелсе, оны үйренушілер санаты әртүрлі адамдардан тұрды.

 

Астанадағы көрме аяқталды. 2017

в Астане с 20 по 30 июля состоялись Дни культуры Восточно-Казахстанской областив Астане с 20 по 30 июля состоялись Дни культуры Восточно-Казахстанской области

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрме аясында Астана қаласында ағымдағы жылдың 20-30 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет күндері өтті. «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені аумағында Шығыс аймағының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдар жәрмеңке-көрмесі өтті.  

Жәрмеңке кезінде көрме павильондарын 10 мыңнан астам адам көріп қайтты. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін Семей және Өскемен қалаларынан, Абай мен Ұлан аудандарынан келген 19 шебердің қолданбалы өнер бұйымдарымен танысуға мүмкіндік туды. Қолөнершілер арасында Айман Боқбасарова, Айбын Жұматай, Гүлнар Қожамжарова, Наталья Жукова сияқты атақты шеберлер болды. Олар, Астана қаласына теріден жасалған әшекейлер мен бұйымдарды, тастан жасалған бұйымдарды, керамика мен ағаштан жасалған кәдесыйларды, киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдарды, әскери құрал-жабдықтарды және т.б. әкеліп, көрермендер назарына ұсынды.

 

Астана күніне арналған жәрмеңке. 2017

Фото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня АстаныФото Сергея Сурова - Ярмарка в честь Дня Астаны

Астана күніне орай 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың «Жастар» этнобағында Шығыстың сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. 

Өскемен, Семей қалаларынан және Ұлан ауданынан келген 20-дан астам шебер қолдан жасалған эксклюзивті бұйымдарды ұсынды: саз балшықтан жасалған кішкентай ысқырғыштардан бастап қазақ ою-өрнектері салынған жастықтарға дейін. Сонымен қатар, ағаштан, қайың қабығынан, шытыра моншақтан, киізден жасалған бұйымдар да ұсынылды.

 

Астана – болашақтың қаласы. 2017

Фото Сергея Сурова            -в рамках празднования Дня Астаны, виртуальную интерактивную экскурсиюФото Сергея Сурова            -в рамках празднования Дня Астаны, виртуальную интерактивную экскурсию

3 шілде күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Астана күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның астанасы туралы бейнефильмдер көрсете отырып, виртуалды-интерактивті экскурсия өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар кішкентай жеткіншектермен бірге еліміздің бас қаласы –  Астанаға таңғажайып саяхатқа аттанды.

Музей-қорықтың «Орыс музейі – виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығының маманы Анастасия Григорьева жас келушілерге Астананың қандай қала екені туралы әңгімелеп берді.

 

Шығыстың үздік шеберлері. 2017

Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында ЕС қолдауымен және «ТЭК» НКО-ның (Өскемен) серіктестігімен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі болып өтті.

 

Республиканский Форум «Актуальные вопросы инновационного развития и информатизации музейной деятельности». 2017

2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана қаласы) «Музей қызметін инновациялывқ дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты Республикалық Форум өтті. Форумның пленарлық отырысына  республикалық, облыстық, қалалық және аудандық музейлердің басшылары, ғылыми мамандары, қор жинау, есепке алу және сақтау жөніндегі мамандар, музей қызметі саласындағы басқа да мамандар қатысты.

 

«Бірінші ұшу-2017» атты батпырауықтар фестивалі. 2017

2017 жылдың 20 мамыр күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Комсомол аралында орналасқан жастардың экологиялық кешенінде «Бірінші ұшу-2017» атты батпырауықтар фестивалі өтеді. 

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …