«От өзегінен өрілген керамика»
 Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.
Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.
Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.
«Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»
 Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.
Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.
Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.
Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.
Қосымша фотосурет ...
«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)
 Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.
Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.
Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.
Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.
Қосымша фотосурет ...
|
«Зүбәржат қаласының сиқыршысы – ертегі әлеміне саяхат». 2026
 2026 жылғы 21 сәуір мен 11 мамыр аралығында ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Зүбәржат қаласының сиқыршысы – ертегі әлеміне саяхат» атты танымдық экскурсия өткізді. Іс-шара белгілі ертегі жазушысы Александр Мелентьевич Волковтың 135 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Экскурсия Өскемен қаласының тумасы, жас оқырмандарға ертегілер мен шытырман оқиғаларға толы ғажайып әлем сыйлаған көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылығымен балаларды таныстыруға бағытталды. Оның шығармалары қатарында «Зүбәржат қаласының сиқыршысы», «Урфин Джюс және оның ағаш сарбаздары», «Жер асты жеті патшасы», «Тастанды қамалдың құпиясы» және т.б.
Бағдарлама соңында жас келушілер үшін «Зүбәржат қаласының құпиялары» атты тақырыптық викторина өткізілді. Қосымша фотосурет ...
|
«Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында». 2026
 2026 жылғы 4-12 мамыр аралығында ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Ұлы Жеңістің 81 жылдығына және Шығыс Қазақстан мен Қазақстанның Ұлы Отан соғысы батырларына арналған «Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында» атты экскурсия өткізді.
Экскурсияның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына құрмет пен соғыс жылдарындағы халықтың ерлік рухына тағзым ету. Экскурсияда оқушылар Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғаларымен танысып, Ұлы Жеңіске жетуге үлес қосқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жанқиярлығы туралы мәлімет алды.
Толығырақ...
«Ахмет Ясауидің шығармашылық мұрасы». 2026
  ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасын насихаттау және Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету аясында 2026-2028 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 сәуірде ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы «М. Шаяхметов атындағы № 23 орта мектеп» КММ оқушыларына арналған «Ахмет Ясауидің шығармашылық мұрасы» атты тақырыптық музейлік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жасанды интеллект элементтері қолданылды.
Шара барысында оқушылар рухани ұстаздың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Оның шығармаларының бірі ретінде «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты өсиеттер жинағы ұсынылды.
А. Ясауидің ілімі Қазақстанның жалпы мәдени жады мен ұлттық бірегейлігінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Оның кеңпейілділікті, қоғамға қызмет етуді және ішкі тазару жолын насихаттайтын идеялары қазіргі заманда да өзектілігін сақтап отыр.
«Ыбырай Алтынсарин – Ұлы дала ұстазы». 2026
 2026 жылы 24 сәуірде ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин – Ұлы дала ұстазы» атты іс-шараны Өскемен қаласындағы Л. Гумилев атындағы №38 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап өткізді.
Шара барысында оқушылар оның өмірбаянымен, педагогикалық қызметімен және еңбектерінің қазақ мәдениеті мен білім беру саласындағы маңызымен танысты. Оның көркін «Жұлдыз» өнер мектебі домбырашылар ансамблі әрледі. Жас музыканттар «Ертұран» күйін орындады.
Қонақтар мен қатысушыларға «Ы. Алтынсарин» атты презентация ұсынылды. «Жұлдыз» өнер мектебінің ұстаздары мен тәрбиеленушілеріне алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды. Іс-шара рухани-шығармашылық атмосферада өтті. Қосымша фотосурет ...
Анонс. 2026

Халықаралық музей күні аясында ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу мақсатында 2026 жылдың 15–16 мамыры күндері Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан этнографиялық музейінің Солжағалық кешені аумағында (Сәтбаев даңғылы, 92) «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестивалін өткізу жоспарланған.
Фестивальға Қазақстанның және шетелдердің түрлі өңірлерінен (Өзбекстан, ҚХР, Ресей Федерациясы, Моңғолия) келген шеберлер мен қолөнершілер, этнодизайнерлер, музейлер мен креативті индустрияны дамыту орталықтарының өкілдері қатысады. Көрермендердің назарына кұрақ құраудың, кілем тоқудың, киізден жасалған бұйымдардың, гобелендердің және дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің басқа да бұйымдарының бірегей үлгілері ұсынылады.
«Қазіргі әлемдегі түркітану: даму үрдістері мен трендтері». 2026
 Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің делегациясы құрамында тарих ғылымдарының кандидаты Е. Рахматулина, магистрлер Г. Кашаку және А. Карчалова «Қазіргі әлемдегі түркітану: даму үрдістері мен трендтері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференция 24–25 наурыз күндері Алтай мемлекеттік университеті жанындағы «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру орталығында өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық қатысушы жиналды.
«Наурыз мерекесі» көрме-жәрмеңкесі. 2026
 Қ. Қайсенов кентінің тұрғындары мен қонақтары 23 наурыз Наурыз мерекесін тойлау күнінде Өскеменнен келген сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен өткен көрме-жәрмеңкеге барды. Өз жұмыстарын ұсынды: Ж. Казез - домбыралар, шертер және екі ішекті домбыра, Е. Тоқай -сырмақтар, бөстектер мен кілемшелер, сондай-ақ этно-әшекей шеберлері И.Бахытова, Б.Калелханова және басқа да жас қолөнершілер. Ұйымдастырушы әрі жауапты тұлға - Ж. Рахатова болды. Көрме-жәрмеңке сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін өтті.
Қосымша фотосурет ...
22 наурыз күні қаланың орталық алаңында Наурыз мейрамы кең ауқымда, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. 2026
 Осы күні ШҚО этнографиялық музейі киіз үйде мерекелік тақырыптық экспозиция дайындады, ол келушілерге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және бай мұрасымен жақыннан танысуға, өткен дәуірдің рухын сезінуге, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қонақтарға музейдің қор топтамасындағы дизайнер К.Акашованың ұлттық киімдерінен сәнді дефиле көрсетілді. Бірегей бейнелер, дәстүрлі элементтер және ұлттық киімнің заманауи үлгідегі көрінісі мәдени мұрамыздың әсемдігі мен сан алуандығын айшықтай түсті.
«Наурызды қарсы аламыз» көрме-жәрмеңкесі. 2026
 Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз меркесі күні Республика алаңында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен әуесқой қолөнершілер өз бұйымдарымен жәрмеңкеге қатысты, қатысушылар саны 61. Дәстүрлі бұйымдардан домбыра, құрақ және этно киімдер болды. Заманауи бұйымдардан түрлі әшекей, кәдесыйлар мен ойыншықтар келушілер назарына ұсынылды. Көрме-жәрмеңке сағат 9.00 ден 16.00 дейін өтті.
Қосымша фотосурет ...
Портреттік кескіндемеден көрсетілім . 2026
 19 наурыз күні сағат 11:00-де Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Наурыз мейрамына арналған академиялық портреттік кескіндеме бойынша шеберлік сабағы өтіп, оны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, суретші Қуаныш Акуов жүргізді.
Суретші шеберлік сабағы барысында ұлттық әйел бейнесіндегі модельдің портретін салып, жұмыстың негізгі кезеңдері мен киім өрнектерін өңдеу тәсілдерін көрсетті.
Толығырақ...
|
|
|
|
Страница 2 из 45 |