|
«Құстарға қамқор болайық» экологиялық акциясы. 2026
 2026 жылдың ақпан айында музей-қорық қызметкерлері № 45 «Болашақ» балабақшасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған экологиялық акция өткізді. Акцияның мақсаты – балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, оларды табиғатты аялауға және жануарларға қамқорлық жасау ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуге үйрету. Акция барысында бүлдіршіндерге қыстайтын құстар және оларды тамақтандыру ережелері туралы айтылды. Шара соңында балалар алған білімдерін іс жүзінде бекіте отырып, құстарға қамқорлық жасауды жалғастырулары үшін оларға құс жемі мен құсқа жем салатын астаулар сыйлыққа берілді.
Қосымша фотосурет ...
Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы. 2026
 ШҚО этнографиялық музейінде ұлы ақынның мерейтойына арналған «Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға облыстық Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж студенттері, Достық үйінің «Ақ босаға» халық ансамблі, «Белес» фольклорлық ансамблінің солистері шақырылды. Тақырыптық таныстырылым, Жамбылдың өлеңдері, халық әндері, домбыра тарту, ақынға арналған кітаптар туралы әңгіме – мұның бәрі кездесудің лирикалық атмосферасын қалыптастырды. Қатысушылар іс-шараның жай ғана тыңдаушылары ғана болмай, Жамбылдың шығармашылық жолы туралы әңгімеге белсене қатысты.
Қосымша фотосурет ...
«Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» атты танымдық сабақ. 2026
 «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ №1 оқу ғимараты, университет музейінде «ҰРПАҚҚА ҰЛАСҚАН ӨРНЕК: ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ» тақырыптық шарасында Рахатова Жадыра Тоқтарбекқызы «Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» көрмесін ұйымдастырып өткізді. Дәстүрлі және заманауи қолөнер бұйымдары жайлы қызықты мағлұмат берілді.
Толығырақ...
«Музей педагогикасы – білім беру ресурсы» семинары. 2026
 Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері Жадыра Тоқтарбекқызы «Музей педагогикасы – білім беру ресурсы» жобасы аясында «Музей педагогикасы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру» тақырыбындағы стратегиялық сессияда «Музей – мәдениеттің алтын көпірі» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар Ю. Костанянцтың музей-үйінде өтті.
«Мағыналы құрақ» атты шеберлік-сағат. 2026
 2026 жылдың 22 қаңтар күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Мағыналы құрақ» атты танымдық шеберлік-сағат өткізді. Спикер - құрақ құрау шебері, "Аламан құрақ" жобасының мүшесі Айжан Умбетова.
Шараға құрақшылар, қолөнершілер және «Асыл әжелер» алқасының мүшелері, студенттер және музей қызметкерлері қатысты. Шеберлік-сағат барысында құрақ құраудың қыр сыры таныстырылды.
Қосымша фотосурет ...
«Заң және тәртіп» қайырымдылық іс-шарасының өтуі туралы ақпарат. 2026
 2026 жылдың 13 қаңтарында «Заң және тәртіп» әлеуметтік-қайырымдылық акциясы аясында музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі Өскемен қаласының білім бөліміне қарасты КММ «Негізгі орта мектеп-интернатының» оқушыларына арналған «Жаңа жылдық ғажайып: музей-қорықтың қор коллекциясындағы жаңа жылдық ойыншықтар құпиясы» атты танымдық іс-шара өткізді.
Толығырақ...
2026 жылғы 27 қаңтардан бастап 10 ақпанға дейін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлардың алдын алу қызметкерлері үшін жеңілдікпен кредиттеу өңірлік бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады! 2026
ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы келесіні ХАБАРЛАЙДЫ:
2026 жылғы 27 қаңтардан бастап 10 ақпанға дейін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлардың алдын алу қызметкерлері үшін жеңілдікпен кредиттеу өңірлік бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады!
Аяз Ата резиденциясының ашылуы. 2025
 20 желтоқсанда «Аяз Ата, Ақшақар» халықаралық фестивалі аясында музей-қорықтың Солжағалық кешенінде Аяз Ата қысқы резиденциясының ашылуы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылыммен ойын-сауық отшашуы, Аяз Ата, Ақшақар шеруі, облыстық филармония әртістерінің көңілді әндері, ұлттық тағамдармен ыстық шай жаңа жылдық сиқырдың ұмытылмас атмосферасын жасады.
«Мәдениет – көпұлтты Қазақстанның рухани келбеті» дөңгелек үстелі. 2025
 2025 жылдың 10 желтоқсанында музей-қорықта Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері өкілдерінің, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі оқытушыларының және музей-қорық қызметкерлерінің қатысуымен «Мәдениет – көпұлтты Қазақстанның рухани келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның рухани құндылықтары мен қоғамдық келісімін қалыптастырудағы мәдениеттің, тіл мен дәстүрдің рөлі талқыланды.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясындағы іс-шара. 2025
 ШҚО музей-қорығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлері және музей қызметкерлеріне «Әлемді бірге мейірімді етейік» атты тақырыптық кездесу өткізілді. Іс-шараға «Үлбі» дағдарыс орталығының, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының, Өскемен қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімінің, «Ана Үйі» қоғамдық қорының мамандары, облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері шақырылды. Кездесуге қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған әңгіме жүргізілді, тақырыптық бейнероликтер ұсынылды. Қонақтар өзекті мәселені шешуде өз көзқарастары туралы пікірлерімен бөлісті.
Қазақстан тарихы- заманауи қазақстан ұрпағын тәрбиелеудің негізі ретінде
25 қазан күні Қ. Қайсенов атындағы саябақта Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті. 2025
 Бағдарлама барысында «Белес» фольклорлық ансамблі, Достық үйінің солистері және шақырылған қонақтар өнер көрсетіп, құттықтау сөздер айтты. Сонымен қатар кәдесыйлар таратылып, қызықты викторина өткізілді.
Іс-шараға Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы № 27943 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметтегі 25 сарбазы құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Музей қызметкерлері саябақ қонақтарымен бірге пазлдар құрастыру ойындарын ұйымдастырып, мереке ерекше көңіл-күймен өтті.
|
|
|
|
Страница 1 из 39 |