• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



Музей-қорықта Абайдың 175 жылдығын мерекелеу бастау алды

 «Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің бастауы». 2020 жылдың 22 қаңтары күні Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында өткен дөңгелек үстел отырысы осылай аталды. Оны сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырып, өткізсе, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашаку отырысты жүргізіп отырды.

 

2020 жыл - Қазақстанда еріктілер жылы

17 қаңтарда облыстық Достық үйінде - қоғамдық келісім орталығында, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер Орталығының ашылуына арналған Бірыңғай күн өтті. Бұл шараның басты мақсаты - «Еріктілер жылы» стратегиясын талқылау.

 

Мы любим, зимушка, тебя, и санки, и каток!

14 қаңтар күні ескі жаңа жыл музей-қорықтың Солжағалық кешенінде  ән-бимен және тамаша хороводпен аталып өтілді. Қысқы мерекенің бағдарламасын орыс этнографиясы бөлімі ұйымдастырды. Жиналғандарды директордың көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары  Евгения Рахматулина құттықтады.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туындыларын оқығанда өз замандасың жазып отырғандай әсер аласыз. Өзінен кейін өлмейтұғын сөз қалдырып, өзіне өлеңнен мәңгі ескерткіш орнатқан ақын шығармашылығы  өзектілігін жоймайды. Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы айқын дәлел.

 

XXI ғасырдағы Абай

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кемеңгер ұлы,  ойшыл-ғалым, ақын, ағартушы  Абай Құнанбайұлы туралы мақала жазды Оның «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ақынның 175 жылдығына орайластырылған. Биылғы мерейтойлық жылда мемлекеттік және халықаралық еңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Олардың барлығы біздің наным-түйсігіміздің, ой-санамыздың, рухани дамуымыз бен азаматтық патриотизміміздің нығая түсуіне бағытталған.

 

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісі. 2019

Музей-қорық 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған «Шығыс Қазақстан облысын мекен ететін халықтар мен ұлыстардың мәдениеті» атты көрмеге қатысты. Ол Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2020 жылға арналған міндеттер баяндалған кеңейтілген мәжіліс еді. Онда қазақ халқының мәдениеті киіз паннолар, қымыз сақталатын торсық, жол жүргенде ыдыстарды салып, алып  жүретін жолқап (сандық) арқылы көрсетілді. Ал орыстардың, украиндар мен белорустардың халық шығармашылығы сүлгілер, рушниктер және майлықтар арқылы паш етілді. Көрмеге сондай-ақ, корейлердің, әзірбайжандардың, немістер мен татарлардың бұйымдары да қойылды. Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі музей-қорық қорынан алынған және ұлттық нақышты айқындайтын, десе де заманауи үлгіде жасалған жұмыстарды ұсынды. Атап айтқанда, олар: киізден, қоғадан, жіптерден жасалған бұйымдар, сондай-ақ, металдан жасалған шекімелер мен ағаштан күйдіріліп жасалған дүниелер.

 

Облыстық қоғамдық кеңестің мәжілісіне қатысты. 2019

26 желтоқсан күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі болды. Онда 2019 жылы білім беру, әлеуметтік сала және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Мәжіліске музей-қорықтың топ қызметкерлерi, сондай-ақ, Кеңес пен қоғамдық кеңес жанындағы эксперттік жұмыс тобының мүшелері, мектеп мұғалімдері және облыстың басқа да музейлері мен кітапханаларының өкілдері қатысты.

 

Жаңа жылдық қойылымдар жалғасуда…2019

Музей-қорық қызметкерлері 2019 жылдың 25 желтоқсанында Өскемен қаласының әкімдігіне қарасты №30 жалпы білім беретін мектепке «Шахтың інжу-маржандары» атты жаңажылдық ойын-конкурстық бағдарламасы енген  көшпелі бағдарлама апарды. Кішкентай оқушыларға шах-падиша өзінің  ханшайым қызымен алыс елден келіпті. Ол өзімен бірге әртүрлі ойыншықтар мен екі шырша ала келген екен. Сөйтіп, шырша маңында ерекше қызықтар басталып кетті: ханшайым алдағы жылдың символы – тышқанға айналып кетсе, Италиядан келген аспаз  диджей бола алатын мүмкіндігі бар екенін көрсетті. Басты кейіпкермен бірге келген басқа да кейіпкерлер өздерінің дарындарын көрсетіп бақты. Балалар да, ересектер де мереке қызығына батты.

 

Абайдың поэзия әлемі. 2019

Abai175 челленджі жалғасуда. Эстафета музей-қорықтың аз санды этнотоптар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердиноваға тапсырылды. Гүлнар Мигражқызы Абайдың өлеңдерін ақын  Михаил Лукониннің орыс тіліндегі аудармасында оқиды. Гүлзия Қамбарбаева өзінің «Абайдың орыс тіліне аударылған өлеңдері» атты еңбегінде «Абайды орыс тілінде сөйлету – кез келген аудармашының оң жамбасына келе бермейтін асқақ өнер» деп келтіреді. Абай өлеңдерін көптеген аудармашылар аударған, әлі де аударып келеді, олардың қатарында Д. Бродский, В. Звягинцева, А. Глоба, Л. Озеров, К. Липскеров, А. Штейнберг, П. Шубин, М. Зенкевич, М. Тарловский бар. Абай өлеңдерін Михаил   Луконин де  (1918-1976 жж.) тәржімалады. Мәселен, ақынның «Білектей арқасында өрген бұрым» («В руку толщиной коса на ее спине»)   атты өлеңі қазақ қызының  асқан сұлулығын танытса керек. 

 

«Бұл әдеттегіден өзгерек және өте тамаша!». 2019

Музей-қорық Қазақстанның Тәуелсіздік күні алдында қалалықтарға  нағыз қысқы мереке жасады. 15 желтоқсан күні Солжағалық кешен бағында қысқы маусым ашылды. Ашылу салтанатына Өскемен қаласының әкімі Жақсылық  Омар қатысты. Ол А.В.Тен директор болып отырған музей-қорық  басшылығына кешен аумағында биыл тұңғыш рет ашылып жатқан айдынды сырғанақ жасағаны үшін алғысын білдірді. Ал қала әкімінің өзі аяғына  коньки байлап, мұзды байқап көргені ерекше еді.

 


Страница 12 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40055297

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...